ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫ БАС ҚОСТЫ

Сыбайлас жемқорлық – қоғам үшін өзекті мәселе. Жасыратыны жоқ, елімізде аталған мәселемен күрес қарқынды жүріп жатыр. Оның ішінде заң талаптары қатаңдатылып жатыр. Бұл ғана емес, арнайы іс-шаралар жоспары да сәтті жүзеге асып келе жатыр. Бүгінде мемлекеттік қызметте істеп жүрген әрбір маман біз сөз еткен заңның талаптарын жіті білуі керек. Бұл тұрғыдан келгенде, Түркістан қаласында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың қатары қалың. Жыл басынан бері облыс орталығында бірқатар ауқымды жиындар өткізілді. Ақпараттық-насихат жұмыстары қарқын алды. Оған мектеп оқушыларынан бастап, мемлекеттік қызметішлерге дейін қатысып жатыр. Жуырда біз сөз еткен тақырыпқа арқау болатын тағы бір маңызды кездесу өткен болатын. Бүгінгі материалымызда дәл сол келелі кездесу турасында тарқата баяндамақпыз…
Түркістан облыстық «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директорының ағымдағы жылдың 25 қыркүйегіндегі нөмірі 14-ші хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Түркістан қалалық мансап орталығы филиалының бөлім басшысы К.Сакенов ұжым қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу жөніндегі шаралар бойынша жиналыс өткізді. Орталыққа жүгінуші қала тұрғындарының қызмет алу барысында қандай да бір игіліктер мен артықшылықтар ұсынуына жол бермей, дереу басшылыққа хабарлауды немесе 1424 тегін колл орталығына хабарлау керектігін ескертті. Аталған тақырып бойынша тұрақты түрде жиналыс өткізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жүргізіліп отырады. Осы орайда, жуырда өткен жиын барысында жуырда ғана қабылданған заңның талаптары түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында бірқатар кеңестер берілді. Айта кету керек, шетелдік озық практикалардың халықаралық тәжірибесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау үшін көптеген факторлар мен элементтерді кешенді түрде ұштастыруды көздейтін жүйелі тәсіл қажет екенін көрсетеді. Бұл ретте институционалдық тетіктер мен құқықтық құралдарды дамыту, қоғамдық хабардарлықты және азаматтық қоғамның тартылуын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажет. Кең қоғамдық қолдау болмаса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі күш-жігер сәтсіздікке ұшырайды. Бұл тұрғыда тиісті мәдениетті қалыптастыру елеулі рөл атқарады. Сондықтан Доха декларациясында қылмыскерлік пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, заңды құрметтеу мәдениетін құруда білім берудің рөлі баса айтылған. Неғұрлым дамыған елдердің практикасы ақпаратқа кеңінен қол жеткізудің, шешімдер қабылдау процестерінің айқындығы мен қоғамдық қатысу тетіктерін құрудың сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға елеулі дәрежеде ықпал ететінін көрсетеді. Мысалы, мемлекеттік шығыстар туралы ақпараттың қолжетімді болуы мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бразилия, АҚШ, Украина, Оңтүстік Корея порталдарында бюджеттер туралы барынша кең ақпарат қамтылған. Тағы бір мысал Грузияның электрондық сатып алу жүйесі, онда стандартты функционалмен қатар конкурстық бетте онлайн сұрақтар қою және жария түрде жауаптар ұсыну, тендерлік процестің кез келген кезеңінде талап қоюды беру, сондай-ақ Сатып алу және конкурстар жөніндегі мемлекеттік агенттіктің мониторингі шеңберінде цифрлық форматта тендер бойынша тәуекелдерді анықтау мүмкіндігі көзделген. Ашық ақпараттың болуы журналистік тергеп-тексерулерді жүргізуге де жағдай жасайды. Мұндай практика Ұлыбританияда, Францияда, Швецияда және еуропаның басқа да елдерінде кең таралған. Дүниежүзілік банкті тарту құралы қызығушылық тудырады. Электрондық «Интегрити Эпп» қосымшасы азаматтардың алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа байланысты проблемалар туралы хабарлауына мүмкіндік береді. Оның пайдаланушылары, мысалы, құрылысы аяқталмаған мектептің фотосуреттерін, пара сұраудың аудио жазбасын не кез келген басқа файлды немесе құжатты жібере алады. Цифрландыру әкімшілік кедергілерді азайтудың, дискрецияны қысқартудың және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың маңызды факторы болып табылады. Эстонияның мемлекеттік дерекқорында экономикалық статистика мен сот архивтерінен бастап азаматтардың медициналық карталары мен шағымдарына дейін барлығы бар. Осы орайда, кез келген әрекет жүйенің тарихында өз ізін калдырады, бұл қысқа мерзімде бұзушыны табуға мүмкіндік беріп, деректердің қорғалуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлықты барынша азайтады. Оның үстіне шенеуніктер мен азаматтардың өзара іс-қимылы мүлдем жоқ немесе барынша төмен деңгейде. Оңтүстік Кореяда ЮНИ-ПАСС кедендік ресімдеудің электрондық жүйесі енгізілген, ол кеден қызметкерлері мен көрсетілетін қызметті алушылардың арасында жеке байланыстарды қысқарту есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетті. Австралияда, Мажарстанда, Молдовада, Румынияда және АҚШ-та сыбайлас жемқорлық фактілерін болғызбау және анықтау үшін парасаттылыққа тексеру табысты түрде пайдаланылуда. Ол тестіленетін адам білмейтін сыбайлас жемқорлық мінез-құлықты анықтау мақсатында модельденген жағдайды білдіреді. Жеке мүдделерді декларациялау, ден қою және жауапкершілік шараларын қамтитын мүдделер қақтығысын реттеу маңызды алдын алу тетігі болып табылады . Сонымен қатар, «айналмалы есік» практикасына қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы реттеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл термин жұмыскерлердің мемлекеттік сектордан жекеше секторға ауысуы деп түсініледі. Мәселен, Норвегияда мемлекеттік қызметшілердің жекеше кәсіпкерлік құрылымдарға және бизнесмендердің билік құрылымдарына ауысуы үшін жарты жылға дейінгі мерзімге «карантин» қағидалары қолданылады. Осындай шаралар Германияда, Испанияда, Латвияда, АҚШ-та, Франция мен басқа елдерде қолданылады. Шектеу шараларын кеңейтумен қатар мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері де белгіленеді. Әлемде әртүрлі тәсілдер: арнаулы зейнетақы жүйелері, тегін медициналық сақтандыру, көлік шығыстары, балаларға арналған жәрдемақы, тұрғын үй төлемдері және басқалар қолданылады. Мысалы, Франция мен Жапонияда тұрғын үй және көлік өтемақылары көзделген. Ұлыбританияда мемлекеттік қызметшілердің аударымдары жекеше сектордағыға қарағанда 15 пайызға жоғары. Сонымен бір мезгілде шет елдерде мемлекеттік қызметшілердің қосымша табыс көздеріне қойылатын шектеулер аз. Мәселен, Грекияда мемлекеттік қызметшілер өзге ақылы жұмысты рұқсатпен және ол қызметтік міндеттерін сапалы орындауға кедергі келтірмеген жағдайда орындай алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың тиімділігі қажетті деректерге қол жеткізуге тікелей байланысты. Мысалы, Гонконгта, Сербияда, Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарға өз функцияларын орындау мақсатында электрондық дерекқорларға кеңінен қолжетімділік және банктер мен өзге де қаржы мекемелерінен лауазымды адамдардың келісімінсіз, олардың шоттары мен қаржы қаражаты туралы ақпарат сұрату құқығы берілген. Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) құзыретті органдарды заңды тұлғалардың бенефициарлық меншігі туралы жеткілікті, дәл және уақтылы ақпаратты алу немесе оған дер кезінде қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтеді. Осыны ескере отырып, 2016 жылдан бастап Ұлыбританияда компанияға «елеулі бақылауы бар» тұлғалардың тізілімі (Register of people with Significant Control) енгізілді. Оған компания капиталының 25 пайыздан астамын иеленетін немесе оған бақылау жасау не оны басқаруға ықпал ету мүмкіндігі бар адамдар енгізілген. Бизнестің парасатты мінез-құлқын көтермелеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзекті тренд болып табылады. Шығыс Еуропа елдерінде өнімдерді, көрсетілетін қызметтер мен маркетингтік материалдарды ашық бизнес- таңбалаудың «Мөлдір толқын» («Clear Wave») бастамасы іске асырылды. Бұл белгі іскерлік әдептің, айқындықтың, жауапкершілік пен орнықтылықтың символы болып табылады. Бизнестің мінез-құлық стандарттары белгіленетін парасаттылық туралы пактілер жасасу практикасы да қолданылады. Көп жағдайда олар ірі жобаларға арналған нақты ашық мемлекеттік конкурсқа немесе тендерге байланысты болады. Халықаралық деңгейде өндіруші салалардың айқындығы (ЕІТІ) және құрылыс секторының айқындығы (COST) бастамалары парасаттылық туралы белгілі пактілер болып табылады. Жалпы алғанда, озық практикаларды талдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың мынадай үрдістері мен перспективаларын айқындауға мүмкіндік береді — қоғамда парасаттылық мәдениетін нығайтуға бағытталған ағарту іс-шараларын жүйелеу, бизнестің парасаттылығын ынталандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға азаматтық қоғамды тарту, мемлекеттік аппараттың қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту және шешімдер қабылдаудың айқындығын қамтамасыз ету, цифрландыру сыбайлас жемқорлықты барынша азайту құралы ретінде, мемлекеттік қызметшілер үшін әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік-құқықтық және қылмыстық- құқықтық аспектілерде құқықтық мәжбүрлеу шараларының тиімділігін арттыру.