ТҰРҒЫН ҮЙ СУБСИДИЯСЫН АЛУШЫЛАРДЫҢ ШАРТТАРҒА САЙ КЕЛУІНЕ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қазақстанда тұрғын үй мәселесі өзекті болып қала береді, себебі халықтың баспанаға деген сұранысы жоғары. Мемлекет бұл мәселені шешу үшін бірнеше бағдарламалар мен шараларды жүзеге асыруда. Мәселен, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа тетіктерін біріктіреді. Оның аясында көппәтерлі үйлер мен жеке тұрғын үйлердің құрылысы дамытылып, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету көзделген. 2018 жылы іске қосылған «7-20-25» бағдарламасы 5 жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 млн-нан астам азаматқа баспаналы болуға жәрдемдесуді мақсат етеді. Бағдарлама бойынша жылдық 7% мөлшерлемемен, 20% бастапқы жарнамен, 25 жылға дейінгі мерзімге ипотекалық несие беріледі. 2019 жылы басталған «Бақытты отбасы» бағдарламасы көпбалалы, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар отбасыларға арналған. Қатысушылар тұрғын үй сатып алу үшін жылдық 2% мөлшерлемемен, 10% бастапқы жарнамен, 20 жылға дейінгі мерзімге жеңілдетілген несие ала алады. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2019 жылы кезекте тұрғандардың саны 50 мың адамға артқан, ал әлеуметтік тұрғын үйлер 20 мың адамға пайдалануға берілген. Осыған байланысты, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша азаматтарды олардың мүмкіндіктері мен статустарына қарай тұрғын үймен қамтудың үдемелі жүйесін енгізу қарастырылуда.
Сонымен қатар, мемлекет тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа бағдарламаларды енгізуде. Мысалы, «7-20-25» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары арқылы азаматтар жеңілдетілген шарттармен баспана алу мүмкіндігіне ие болуда. Жалпы, Қазақстанда тұрғын үй мәселесін шешу үшін мемлекет тарапынан кешенді шаралар қабылдануда. Бұл шаралар халықтың әртүрлі топтарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес азаматтардың жекелеген санатының баспана мәселесін жедел шешу мақсатында жалға алған тұрғын үйді субсидиялау тетігі іске қосылғаны белгілі. Осы орайда Шымкент тұрғындарын баспанамен қамту шаралары да өз нәтижесін беріп келеді. Баспана кезегінде тұрып, өздері жалдамалы пәтерді паналап жүрген отбасыларды қолдау мақсатында жалдау ақысының 50 пайызын субсидиялау жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2023 жылы субсидиялау тетігіне 2105 азаматтың өтінімі мақұлданып, оларға 191 173 000 теңге төлемдер жүргізілді. Сондай-ақ өткен жылы субсидия алушылардың аталған жеңілдікті мақсатты пайдалануларына мониторинг жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 500-ге жуық азаматтың мақсатсыз пайдаланғаны анықталып, тағайындалған субсидия тоқтатылған. Ал 2024 жыл басынан жергілікті бюджеттен 2739 азаматқа тұрғын үй субсидиясы төленіп, субсидияны мақсатсыз пайдаланған 277 азаматтың субсидиясы тоқтатылды. Қазіргі таңда 2496 азамат субсидия алуда. Бүгінгі таңда, 392 азаматқа 357,8 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілді. Оның ішінде 1,2 — топ мүгедектігі бар азаматтар – 123, мүгедектігі бар бала асыраушы отбасылар – 82, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 16, көпбалалы отбасылар – 73, толық емес отбасылар – 33, бюджеттік мекеме қызметкерлері – 65. Айта кету керек, 2023 жылы қайтарымсыз негізде жалпы сомасы 129,7 млн. теңге тұрғын үй сертифаттары төлем қабілеттілігін растаған 148 азаматқа берілген. 2024 жыл басынан тұрғынжайларын жекешелендіруге 181 өтінім түсіп, қаралуда. Оның ішінде: 141 пәтер құнын төлеу негізінде, 18 азаматтың пәтері өтеусіз жекешелендірілді. Қаланың басты көшелерінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін ағымдағы жөндеуге 62 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланып, 54 көпқабатты тұрғын үйдің жұмыстары аяқталып, 8 көпқабатты тұрғын үйге жұмыстар жалғасуда. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында өткен жылы қалада мемлекеттік бюджет есебінен 100 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Аумағы 330,4 мың шаршы метр 4306 пәтерлі тұрғын үй құрылысы Тұран, Бозарық, Ақжайық елдімекендерінде атқарылған. Жыл қорытындысымен 127,7 мың шаршы метрді құрайтын 1688 пәтерлі 34 тұрғын үй пайдалануға берілді. Олардың 30-ы — кредиттік, 4-еуі – арендалық пәтер. Сондай-ақ былтыр жұмыс істейтін жастарға 900 пәтер және халықтың әлеуметтік осал топтарына 475 пәтер, жалпы 1375 пәтер нарықтан сатып алынды. Биыл Құрылыс басқармасы тарапынан былтырдан өтпелі 2490 пәтерлі 64 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жалғасып, пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін Бозарық елдімекенінде 36 үйдің, Ақжайық елдімекенінде 26 үйдің, Тұран шағын ауданында 2 үйдің құрылысы жүргізіледі. Шымкент қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылдың тамыз айында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында көппәтерлі 15 тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі коммуналдық 21 көппәтерлі тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Шымкент қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді бюджеттік кредит есебінен күрделі жөндеу жұмыстары қазіргі таңда Күншығыс шағын ауданы №11,14,1 және Спорттық шағын ауданы №10, Ә.Жангельдин көшесі №16, Дулати көшесі №205, Әл-Фараби көшесі №21, А.Асқаров көшесі №32, Республика даңғылы №26, 36А мекен жайында орналасқан тұрғын үйлердің шатыры толығымен ауыстырылды. Мұндан бөлек Ғ.Ильяев көшесі №113/5, Әл-Фараби көшесі №21 тұрғын үйлерінің қасбеттері жаңартылуда. Аталған тұрғын үйлердің сонымен қатар кіреберіс, канализация және су құбырларын жөндеуден өткізу көзделген. Жалпы көппәтерлі тұрғын үйлердегі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. 2022 жылы қаладағы 60 үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өткен болатын. Модернизация бойынша күрделі жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес қайтарымды қаржы негізінде атқарылуда. Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне өтінім бере алады. Айта кету керек, бүгінде Тұран ықшам ауданында 18 үй, Бозарық мөлтек ауданында 54 үй, Ақжайық мөлтек ауданында 26 үй салынуда. Өндірістік кестеге сәйкес 67 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып жыл соңына дейін ел игілігіне пайдалануға беріледі. Оның 61-і кредиттік, 6-ы арендалық баспаналар. Бұдан бөлек, жыл қорытындысымен жұмыс істейтін жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеумкеттік осал топтарына 505 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарлануда.