ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БАСТЫ БАҚЫЛАУДА

Қазақстан қалаларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекет бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Бұл шаралар азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға және қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған. 2023 жылдың басында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлық жобасы әзірленді. Бұл тұжырымдама қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтуді көздейді. Қалаларда қоғамдық орындар мен мектептерде бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жалғасуда. Мысалы, соңғы жылда бейнебақылаудың арқасында ел бойынша 14 мың оқиға мен заң бұзушылық анықталып, 79 суицид пен 11 түрмеден қашу әрекетінің жолы кесілген. Ішкі істер министрлігі ұрлықтарға қарсы іс-қимыл, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқаруда.
Қалалық жарықтандыру жүйелерін жаңғырту арқылы тұрғындардың қауіпсіздігі арттырылуда. Мысалы, Атырау қаласында көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, бұл қылмыс пен жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендетуге ықпал етті. 2021 жылы Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы бекітілді. Бұл стратегия азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы, Қазақстан қалаларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылданып, азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Шаһар тұрғындары үшін жайлылықпен қатар қауіпсіздік те маңызды. Қазіргі таңда Шымкентте жалпы қылмыстардың саны 12,4 пайызға азайды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін биылғы жылы қосымша 1 425 бейнебақылау камерасы орнатылады. Қала қауіпсіздігі үшін түнгі жарықтандыру да маңызды. Тұрғындар тарапынан көп көтерілетін мәселелердің бірі — осы. Биылғы жылдан бастап көшені жарықтандыру жұмыстарын он есеге ұлғайтып, 1 528 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде (940 көшеге жарықшам орнатылды). Сонымен қатар, биыл қоғамдық тәртіпті күшейту мақсатында жаңадан 2 полиция бөлімшесі және 6 мобильді стационарлық полиция пункті іске қосылады. Одан бөлек, бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Полиция департаментіне лизинг арқылы 120 көлік құралдары алынды. Әлемде болып жатқан табиғи зіл-зала кесірінен қайғылы жағдайлар көптеп орын алуда. Қаладағы тұрғын жайлар мен сауда орталықтары тығыз орналасқан. Өкінішке орай тұрғындар, сауда және халыққа қызмет көрсету нысандары өрт қауіпсіздігіне бей-жай қарайды. Газбен улану фактілері де болып, қайғылы оқиғалар орын алды. Сондықтан әкімдік тарапынан бақылауды күшейту мақсатында «Газ инспекциясы» мекемесі құрылды. Одан бөлек, қаланың өсуіне қарай шұғыл жағдайда өрт сөндіру деполарының мүмкіндігі жетіспейді. Осыны ескеріп өткен жылы 2 өрт сөндіру депосы іске қосылса, биыл 1 депо пайдалануға берілді. Шұғыл көмек көрсету қызметтеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында 10 шағын ауданда сервистік орталықтар салу жоспарлануда. Онда полиция, жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметтері орналасады. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар депараментінің өрт сөндіру қызметін толық қамтамасыз ету үшін лизинг арқылы 38 арнайы техникалар алу жоспарлануда.Төтенше жағдайдың алдын алу – адамдардың өмірі мен денсаулығын, мүлікті және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды шаралар жиынтығы. Табиғи апаттар, техногендік төтенше жағдайлар немесе әлеуметтік сипаттағы қауіп-қатерлер туындаған кезде, алдын алу жұмыстары арқылы олардың ықпалын азайтып, зардап шеккендер санын төмендетуге болады. Төтенше жағдайдың алдын алу шаралары әрбір қоғам мүшесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие. Төтенше жағдайлар бірнеше топқа бөлінеді. Табиғи апаттарға жер сілкінісі, су тасқыны, орман өрттері, қар көшкіні және дауылдар жатады. Мұндай төтенше жағдайлар тұрғын үйлерді, инфрақұрылымды зақымдап, адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Алдын алу шаралары осы апаттардың зиянды ықпалын азайтуға бағытталған. Техногендік апаттар өндіріс орындарында, өнеркәсіптерде, химиялық заттармен жұмыс істейтін мекемелерде орын алуы мүмкін. Мұндай төтенше жағдайларға өрт, жарылыс, химиялық немесе радиоактивті ластану жатады. Алдын алу шаралары қауіпсіздік стандарттарын сақтау, бақылау және тәуекелдерді азайту арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар қоғамдық тәртіптің бұзылуына, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін. Бұл жағдайлар қарулы қақтығыстар, террористік актілер, сондай-ақ адамдардың жаппай қауіпсіздік ережелерін сақтамауымен байланысты болуы мүмкін. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін халықты ақпараттандыру және оларды дайындық шараларына үйрету маңызды. Адамдар төтенше жағдай туындаған кезде қалай әрекет ету керектігі туралы білуі қажет. Бұл мақсатта оқу-жаттығу шаралары, қоғамдық ақпараттандыру науқандары, брошюралар мен нұсқаулықтар қолданылады. Төтенше жағдайлардың ықтимал әсерін азайту үшін инфрақұрылымдарды нығайту қажет. Мысалы, су тасқынын болдырмау үшін су қоймаларын салу, жер сілкінісіне қарсы тұра алатын құрылыстарды салу, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау арқылы ғимараттардың төзімділігін арттыру қажет. Төтенше жағдай кезінде жедел медициналық көмек көрсету өте маңызды. Сондықтан медицина қызметкерлерін дайындықта ұстап, медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету қажет. Жарақат алғандарды жедел эвакуациялау және оларды қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз ету – алдын алу жұмыстарының басты аспектілерінің бірі. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қауіпті аймақтарда мониторинг жүргізу қажет. Бұл метеорологиялық бақылаулар, сейсмикалық бақылаулар немесе химиялық заттардың қауіпсіздігіне қатысты тексерулер болуы мүмкін. Тұрақты мониторинг арқылы ықтимал апаттар туралы алдын ала ескертіп, тиісті шараларды қабылдау мүмкіндігі артады. Төтенше жағдай орын алған жағдайда, құтқару қызметтері мен азаматтық қорғаныс ұйымдары өзара үйлесімді әрекет етуі қажет. Құтқарушылардың дайындық деңгейін арттыру және олардың қажетті техникамен жабдықталуын қамтамасыз ету арқылы төтенше жағдайдың салдарын азайтуға болады. Қазақстанда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында мемлекет бірқатар шаралар қабылдап отыр. Олардың қатарына табиғи апаттарға қарсы құрылыстарды салу, төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру кіреді. Сонымен қатар, халықты төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерге үйрету және ақпараттандыру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. «Қауіпсіз қала» жобасы аясында қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйелерін орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды пайдалану жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар төтенше жағдайдың алдын алуға және олардың салдарын азайтуға бағытталған. Төтенше жағдайдың алдын алу – халықтың өмірі мен денсаулығын, материалдық және табиғи байлықтарды қорғауға бағытталған маңызды шаралар жиынтығы. Тиімді алдын алу жұмыстары арқылы төтенше жағдайлардан туындайтын зардаптарды азайтуға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекеттік органдар, құтқару қызметтері және қоғамның әрбір мүшесінің бірлескен іс-қимылы арқылы жүзеге асады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау және дайындық деңгейін арттыру – төтенше жағдайлардан қорғанудың басты шарттары болып табылады. Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі бағыттарда кешенді шаралар жүзеге асырылуда. 2024-2025 жылғы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізілді. Бұл шара барысында әлеуметтік осал топтағы 2 222 отбасыға үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 8 мыңнан астам тұрғынға қауіпсіздік жадынамалары таратылды. Сонымен қатар, табиғи газға қосылмаған 22 жатақхана мен 13 мыңнан астам қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлер тексеріліп, қауіпсіздік талаптарының сақталуы қадағаланды. Қаладағы газ құбырларын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, 38 376 метр құбыр салынды. Нәтижесінде газ құбырларының тозу деңгейі 31,4%-дан 29%-ға дейін төмендеді, ал пайдалану мерзімі 35 жылдан 50 жылға дейін ұзартылды. Сонымен қатар, тұрғындарға газбен байланысты қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында 42 көшпелі жиын, 54 мақала мен брифинг, 19 дөңгелек үстел өткізіліп, 53 500 дана жадынама таратылды. Шомылу маусымында су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін профилактикалық жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Рұқсат етілген 3 ресми шомылу орны мен тыйым салынған 13 орын анықталып, 86 ескерту белгісі орнатылды. Тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, ақпараттық науқандар ұйымдастырылды. Ішкі істер министрлігі ұрлыққа қарсы іс-қимыл, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқаруда. Бұл шаралар Шымкент қаласында да жүзеге асырылып, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Жалпы, Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт, газ және су қауіпсіздігі, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі бағыттарында кешенді шаралар қабылданып, олардың тиімді жүзеге асырылуы қадағалануда.