«САПА+» ЖОБАСЫ — ШЫМКЕНТТІ ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
Сапалы интернет – қазіргі заманның маңызды қажеттіліктерінің бірі. Бұл тек байланыс құралы ғана емес, сондай-ақ білім алу, денсаулық сақтау, бизнес жүргізу және әлеуметтік даму үшін таптырмас ресурс. Әсіресе, цифрлық экономикаға көшіп жатқан Қазақстан үшін сапалы интернетке қол жеткізу халықтың өмір сүру деңгейін арттыруда, жаңа мүмкіндіктер ашуда шешуші рөл атқарады. Сапалы интернет білім беру процесін тиімді етуде маңызды рөл атқарады. Онлайн білім беру платформалары, вебинарлар және курстар арқылы кез келген адам өз дағдыларын жетілдіре алады. Әсіресе, ауылдық аймақтарда сапалы интернет білімге қол жеткізуді арттырып, оқушылар мен студенттердің сапалы білім алуына мүмкіндік береді. Онлайн оқыту ресурстары әртүрлі пәндер бойынша қол жетімді, бұл жалпы білім беру сапасын арттырады. Сапалы интернет бизнес жүргізуді оңайлатады. Шағын және орта кәсіпорындар интернет арқылы өз тауарлары мен қызметтерін жарнамалап, жаңа тұтынушылар таба алады. Электрондық коммерцияның дамуы интернет байланысының сапасына тікелей байланысты. Онлайн сауда, фриланс және цифрлық қызмет көрсету салалары интернеттің қол жетімділігі мен сапасына негізделген. Инновациялық және стартап жобаларды жүзеге асыру үшін де сапалы интернеттің болуы міндетті шарт.
Денсаулық сақтау саласында онлайн кеңес беру сапалы интернеттің арқасында кеңінен қолданысқа ене бастады. Қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты азайту үшін дәрігерлік кеңес алуға немесе қашықтан диагностикалау мүмкіндігі маңызды рөл атқарады. Цифрлық денсаулық сақтау жүйелері пациенттердің денсаулық жағдайын қадағалау және олар туралы мәліметтерді жинақтап, талдауға мүмкіндік береді. Бұл әртүрлі ауруларды алдын ала анықтау мен емдеуді жақсартуға септігін тигізеді. Электрондық үкімет қызметтеріне (e-gov) қол жеткізу үшін сапалы интернет қажет. Мысалы, құжаттарды онлайн ресімдеу, салық төлеу, әлеуметтік көмекке өтініш беру сияқты қызметтер уақыт пен ресурстарды үнемдейді. Ауылдық жерлерде сапалы интернет азаматтарға мемлекеттік қызметтерді оңай алуға мүмкіндік береді, бұл бюрократияны азайтып, мемлекеттік қызметтерді баршаға қол жетімді етеді. Сапалы интернеттің болуы цифрлық экономиканы дамыту үшін маңызды. Қазақстан үшін цифрлық экономикаға көшу — экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың бірден-бір жолы. Инновациялар мен жаңа технологиялардың енгізілуі сапалы интернетсіз мүмкін емес. Инновациялық өнімдер мен қызметтер, соның ішінде «ақылды» құрылғылар, IoT (Заттар интернеті) және бұлттық шешімдер сапалы және жылдам интернетке мұқтаж. Сапалы интернет адамдардың әлеуметтік байланысын қамтамасыз етеді. Әлемнің әр түкпіріндегі туыстармен және достармен байланыста болу үшін әлеуметтік желілер мен хабар алмасу құралдары қолданылады. Ақпаратқа тез қол жеткізу, жаңалықтарды қадағалау, қызықты контенттерді көру және танымдық материалдарды оқу сапалы интернеттің арқасында мүмкін. Интернеттің көмегімен адамдар өздерінің қызығушылықтарын кеңейтіп, жаңа білім алуға мүмкіндігі бар. Ауылдық аймақтарға сапалы интернет тарту – елдің жалпы даму деңгейін арттырудың маңызды аспектісі. Интернет ауыл тұрғындарына білім алу, жұмыс істеу, ақпарат алу және әлеуметтік қызметтерді пайдалану мүмкіндіктерін береді. Ауылдық жерлерде интернеттің сапасын жақсарту халықты цифрлық қызметтермен қамтуды арттырады, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, жаңа бизнес бастамаларды жүзеге асыруға септігін тигізеді. Интернеттің сапасын жақсарту үшін оптикалық-талшықты желілерді тарту, заманауи жабдықтарды орнату және ауылдық жерлерде интернетпен қамту деңгейін арттыру қажет. Интернет қызметтерінің сапасы провайдерлердің жұмысына байланысты. Сондықтан оларды техникалық қызмет көрсету және жылдамдықты арттыру бойынша жұмыс жүргізуге ынталандыру керек. Жаңа буын 5G технологиясы интернеттің жылдамдығын айтарлықтай арттырып, оның қолжетімділігін кеңейтеді. Бұл технология әр түрлі салаларда, әсіресе өнеркәсіптік, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығында жаңа мүмкіндіктер ашады. Сапалы интернетті тиімді пайдалану үшін халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру маңызды. Бұл үшін арнайы тренингтер, курстар және ақпараттық бағдарламалар ұйымдастырылуы тиіс. Жалпы сапалы интернет қазіргі заманда барлық салалардың дамуына ықпал етеді. Ол экономикалық өсімді қамтамасыз етеді, білім беру мен денсаулық сақтауды жақсартады, адамдардың өмірін жеңілдетеді және цифрлық қоғам құруға септігін тигізеді. Сапалы интернетке қол жеткізу – еліміздің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудың кілті. Осы орайда, Шымкент қаласында интернет байланысын жетілдіру және тұрғындардың жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділігін арттыру мақсатында «Сапа+» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында қала тұрғындарына заманауи технологиялар арқылы интернетке қосылу мүмкіндігі ұсынылып, байланыс сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар қолға алынды. Жуырда Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы мен «Қазақтелеком» АҚ өкілдері Иляева көшесіндегі №37 үйге барып, бір тұрғынды жаңа модеммен қамтамасыз етті. «Сапа+» жобасы — тұрғындарға заманауи байланыс мүмкіндіктерін ұсыну және қаланың цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам. Бұл бастама қалалықтардың күнделікті өмірін жеңілдетіп қана қоймай, цифрландыру үдерісін жеделдетуге бағытталған. Жобаның арқасында халыққа қашықтан жұмыс істеу, онлайн білім алу, денсаулық сақтау және өзге де маңызды қызметтерге ыңғайлы әрі үздіксіз қолжетімділік қамтамасыз етілмек. Айта кету керек, Шымкент қаласында елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Қалалық цифрландыру басқармасының қолдауымен және жеке инвестор FISHNET компаниясының қатысуымен Самал-2, Наурыз шағынаудандары талшықты оптикалық интернет желісімен қамтылды. Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов Наурыз шағынауданы тұрғындарымен кездесіп, жоғары жылдамдықты интернеттің сапасын тексерді және атқарылып жатқан жұмыстардың барысын түсіндірді. Жоспарға сәйкес, Самал-2, Наурыз және Асар-2 шағынаудандары кең жолақты, талшықты оптика желісімен қамтамасыз етілуде. Жұмыстарды жүзеге асырып жатқан жауапты компания – FISHNET. 2024 жылдың соңына дейін 20 елді мекенді интернет желісімен қамту жоспарланып отыр. Жалпы, Шымкент қаласындағы 81 елді мекеннің басым бөлігіне жоспар бойынша орындалды. 2025 жылдың соңына дейін барлық елді мекенді толық қамту көзделуде. FISHNET компаниясының өкілі Нұржан Алматовтың айтуынша, интернет орнату тегін жүзеге асырылады, ал тұрғындар тарифті өздері таңдай алады. Қазіргі уақытта Наурыз шағынауданында 150 абонент жаңа желіге қосылған. Өткен жылы 20 елді мекенге оптикалық желіні тарту бойынша жеке инвесторлармен меморандумға қол қойылған болатын. Келісімге сәйкес, 2023-2025 жылдары аралығында тұрғын алаптардың тізімі және мерзімдері анықталды. Бұл бастама Шымкент қаласының цифрлық инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындарға сапалы интернет қызметтерін ұсынуға бағытталған. Қала басшылығы мен инвесторлар қаланың цифрландыру жұмыстарын жалғастыра отырып, тұрғындарға заманауи және қолжетімді интернет қызметін ұсынуға ұмтылуда. Бүгінде Шымкент қаласының мектептеріндегі жалпы компьютерлік құрылғылар саны – 56 746 дананы құрайды. Қала мектептерінде орта есеппен 1 компьютерге келетін оқушы саны 4-ті құрайды. Интернетпен қамтуға келсек 2022 жылы мектептердегі интернет жылдамдығы 20 Мбит/с төмен болған. Аталған мәселені шешу үшін 2023 жылдан бастап Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты Цифрландыру басқармасы арқылы мектептердің цифрлық білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыру үшін жылдамдығы 100 Мбит/с кем емес интернетпен, бейнебақылау және дабыл батырмаларын Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына интеграцияланып, 50 Мбит/с қамтамасыз етілген. 2022 жылы 12,8 млн теңге қаржы қаралып, 133 758 оқушы ыстық тамақпен қамтылса, 2023 жылы 134 228 оқушы қамтылған. Қаржысы – 13 364,1 млн теңге. Өткен жылмен салыстырғанда қаралған қаржы көлемі 564,1 млн теңгеге артқан.