«ҒЫЛЫМҒА БАРАР ЖОЛ-МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ» АТТЫ ШАХМАТТАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ПРАКТИКУМ ӨТТІ
Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев: «Шахмат ойнаған бала теріс әдеттерден аулақ болады. Сондықтан елімізде шахмат қозғалысын дамытуды өзім қолға аламын» — деген болатын. Президентіміздің тапсырмасымен 2023 — 2027 жылдарда шахматты дамытудың концепциясы дайындалып, елімізде көптеген ауқымды шаралар өткізілуде. Биылғы оқу жылынан бастап, «Шахмат мектепте» бағдарламасы енгізіліп, шахмат мектептерде пән ретінде өтілуде. Ал, ғылымға барар жол мектептен басталады емес пе…
Осы тақырып аясында жастар орталығында ауқымды шара болып өтті.Ашылу салтанатында «Жастар ресурстық орталығы» басшысы м.у.а Алия Пиржанова құттықтау сөз сөйлеп, жақсы тілектер білдірді. Салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Әнұраны шырқалды. Шахмат ойыны жайлы арнайы бейнебаяндар көрсетілді. ФИДЕ орбиторы, филиал атқарушы директоры, тәжірибелі шахмат жаттықтырушысыАсхат Майкотов бас төреші ретінде ойынның ережесі жайлы баяндап, жас шахматшыларға сәттілік тіледі. Сайыс аясында 7 тур ойын ойналды. Нәтижесінде ойлылар озып, мықтылар жеңіске жетті. Жаңа есімдер анықталып, белсенділер белгілі болды. Қала мектептерінен 46 оқушы, шахмат үйірмесі нен 12 оқушы қатысып, 8-12 жас аралығы мен 12-16 жастағылар өзара күш сынасты. 1,2,3 орын иеленген 12 шахматшыларға жуырда өтетін мерекелік қорытынды шара мен облыстық чемпионатқа жолдама берілді. Сондай — ақ, барша қатысушылар сертификат және арнайы дайындалған сыйлықтарға ие болды.
Жеңімпаз шахматшыларды Түркістан қалалық «Жастар ресурстық орталығы» басшысы м.у.а Алия Пиржанова марапаттады. Шара соңында сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, ҚШФ — ның «Өмірде дұрыс қадамдар жаса» деген ұран сөзі жазылған корабшаларға шахмат жайлы кітаптар салынып, шахмат тақталары сыйға тартылды. Бұдан өзге, кубок сыйланып, медальдар тағылды. Оқушылар марапаттау рәсімінен кейін арнайы тақырыпқа сай дайындалған ақ дастарханнан дәм татты.
Дастархан басында жетекші мұғалімдер құттықтау сөз сөйлеп, ризашылық білдіріп, қаламызда шахмат қозғалысын дамытуда бірге атсалысатындарын жеткізді. Алдын ала жоспар бойынша, қорытынды мерекелік шара 20 желтоқсан күні өтеді.