Жолдау- қазақстандықтарды жігерлендірер құжат

315
0

Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың    «Қазақстан-2050» Стратегиясы  — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы- ел тарихындағы  аса маңызды  тағы бір қарышты  қадам. Яғни, тәуелсіздігіміздің жиырма бірінші жылынан  бастап  ел тарихында тағы бір серпінді  стратегия  жасалды.Мемлекет  басшысының Қазақстан халқына   арнайтын  Жолдауы тек бағдарламалық сипатта ғана емес, оның ел  өміріндегі тарихи, саяси маңызды құжат болып  табылатынын да айтуымыз керек.
Аз ғана уақыт аралығында Қазақстан  мемлекеті толыққанды  қалыптасты, әлем елдері қызығатындай  беделге ие болды, шекарамыз нақтыланып, мызғымастай, дау тудырмайтындай етіп белгіленді, шегеленді, саяси билік  институттары нығайды, билік тармақтарының аражігі ажыратылып, олардың тепе-теңдігі мен бір-бірін  тежеу тетіктері   іске қосылды.Осының арқасында  еліміздің жаңа  Конституциясы қабылданғаннан бері  билік  тармақтары  арасында  бірде-бір  текетірес пен жанжал туындаған  жоқ.Мұның өзі де  елдегі саяси тұрақтылыққа  оң ықпал етіп отыр.
Елбасының атап көрсеткеніндей,2050 жылға қарай Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құрылатын  болады.Мұндай  жүйе болашаққа сенім  жоқ жерде құрыла алмайды. «Қазақстан- 2050» Стратегиясы- еліміздің  жарқын болашағы  бар екендігін, даму үшін, кәсіби тұрғыдан  өсу үшін орасан зор мүмкіндіктер  жасалатынын көрсететін, алға басуға жігерлендіретін, біздің елдің табысты болатына  сендіретін тарихи саяси құжат. «Егер біз  осы мүмкіндікті  сәтімен  пайдалана алмасақ, егер біз болашағымызға жоспар  құрмай және бүгінгі күні нақты  іс-қимылдарды іске асырмай күндер мен  апталарды уысымыздан шығарып  алсақ, егер сәтсіздікке ұшырасақ, онда өзімізден  басқа ешкімге  кінә арта алмаймыз». Біздің болашағымызды  өзімізден басқа ешкім де  айқындамайды, «жұмақты» басқалар   орнатып бермейді.Оны біз өз ерік-жігерімізбен, болашаққа деген сеніммен орнатамыз.
Елбасының сот жүйесінің   алдына қойған басым міндеттері күллі халық үшін  шын мәнінде  өзекті де  маңызды екені сөзсіз. Сондықтан да сот әділдігін  алқа билердің  қатысуымен  атқару, мамандандырылған  соттар жүйесін құру, дауларды шешудің баламалы  әдістерін  енгізу, тергеу  әрекеттеріне  сот бақылауын  жүзеге асыру, судья кадрларын  даярлау  мен біліктілігін  арттырудың   оқыту  жүйесін жасау, соттардың бұқаралық  ақпарат құралдарымен  жұмысын  түбегейлі  өзгерту  арқылы  соттың  ашық және  түсінікті  болуын  қамтамасыз  ету  секілді   істер отандық сот  жүйесін  ұдайы дамуға жетелейді.

Нұрлан АЛТЫНБАЕВ,
Шымкент қаласы, Еңбекші  аудандық  сотының судьясы.