ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ БАУЫР ІСІГІНЕ ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында алғаш рет бауыр ісігіне лапароскопиялық әдіспен ота жасалды. Күрделі операция тумасынан бауыр-өт жүйесінің ақауы бар екі жасар бүлдіршінге жасалған.
Кішкентай пациент ауыр халде қалалық балалар клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Науқасқа 24 ақпан күні алдын ала клиникалық-лабораториялық зерттеулер жасалды. Құрсақ қуысы ағзаларына МРТ түсірілді.
Балада киста холедоха диагнозы расталып, операция жасалды. Отаны балалар ауруханасының балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Бердалы Сүлейменов және Алматы қалалық Педиатрия және балалар хирургиясы орталығы басшысының орынбасары, хирург Константин Хаиров бірлесе отырып жасады. Ота сәтті өтіп, науқас отадан кейінгі оңалту кезеңінен өтуде.