ТҰРАН АУДАНЫНДА МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

31
0
 Халықаралық әйелдер күніне орай қала аумағында түрлі форматтағы кештер мен салтанатты жиындар ұйымдастырылуда. Мұндай іс-шаралар легі аудан әкімдіктерінде жалғасуда.
Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті. Әйелдердің құрметіне шырқалған әуезді әндер, жүрек тебірентерлік қойылымдар мен сый-құрмет нәзік жандыларға тамаша көңіл-күй тарту етті. Мерекелік кеш барысында ауданның дамуына үлес қосқан қыз-келіншектер Тұран ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.