БИЫЛ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША 3 908 450 БАЛА ОҚУ ЖЫЛЫН АЯҚТАЙДЫ

2024–2025 оқу жылын 3 908 450 оқушы бітіріп жатыр, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды. Олардың 217 мыңы мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады.