ЕҢБЕКШI АУДАНЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ АЛАҢШАЛАР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

133
0

Биыл Еңбекшi ауданындағы барлық балалар алаңшасы толық жаңартылады.

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов  депутаттар алдында осылай деп нық сеніммен айтты, деп хабарлайды uakit.kz қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, осы аптада Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы өтті. Сессия отырысында  жергілікті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы шешімге толықтырулар енгізу мәселесі қаралып, депутаттар жалпы 14 жобаның тізімін мақұлдады.

Сессияда  сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы, әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы және дербес құрамы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамы бекітілді.

uakit.kz