ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕР АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН СУАРУ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ СУАРЫЛУДА

Шымкент қаласының Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты ұзындығы 891 шақырымды құрайтын 443 магистральді көше бойындағы көгалдар мен жасыл желектер күнделікті бекітілген кестеге сәйкес автоматтандырылған суару жүйесі арқылы суарылуда.
Суару жүйесі орнатылмаған учаскелерде суару жұмыстары арнайы техниканың көмегімен жүзеге асырылады. Ауа райының күрт ысуына байланысты көгалдарға қажетті ылғалды қамтамасыз ету мақсатында суару жиілігі 2-3 есеге арттырылған.
Қазіргі таңда Шымсити, Тұран және Асар шағын аудандарында көше бойларына автосуару жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Жасыл желектерді техникалық тәсілмен суару жұмыстарына 50-ден астам арнайы техника бірлігі мен 450-ге жуық жұмысшы тартылған.