ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев кезекті жеке қабылдауын өткізіп, облыс халқының әлеуметтік салаларға қатысты мәселелерін тыңдады. Бұл жолы білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бағыттарына жетекшілік ететін вице-министр өңірдің түкпір-түкпірінен келген тұрғындарды қабылдады.
Азаматтарды ашық форматта тыңдауға бағытталған қабылдау Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде өтті. Бұл — мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және жергілікті билік пен халық арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Жеке қабылдауға Түркістан облысының түрлі аудандары мен қалаларынан келген 15-ке жуық азамат қатысты. Олардың қатарында Түркістан мен Арыс қалаларының, сондай-ақ Созақ, Ордабасы, Бәйдібек, Шардара, Сайрам және Түлкібас аудандарының тұрғындары болды. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің сипаты әртүрлі болды. Атап айтқанда, білім саласы бойынша мектеп құрылысының аяқталуы, қоршау жұмыстары, қосымша ғимараттар қажеттілігі, мемлекеттік тапсырыс пен қаржыландыру мәселелері, денсаулық сақтау бойынша нақты диагноз қою, емделуге квота мен жолдама алу, мүгедектік санатын қайта қарау, әлеуметтік мәселелер бойынша атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу, инватакси қызметімен қамту, жұмысқа орналасуға көмек, отбасылық кикілжіңдерді шешуге қолдау бойынша түйткілдер тарқатылды. Кейбір азаматтар еңбек ұжымдарындағы заңсыз әрекеттер мен қысым мәселелерін де көтерді. Бұл — тек әлеуметтік көмек қана емес, азаматтардың құқықтарының сақталуы, еңбек этикасының сақталуына деген сенімнің көрсеткіші.
Бейсенбай Дәулетұлы қабылдау барысында әр азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, нақты түсініктемелер мен жауаптар берді. Оның айтуынша, әрбір өтініш заң аясында сарапталады, қажет болған жағдайда қосымша зерттеу, тексеру жүргізіледі. Нәтижесінде өтініш иесіне жазбаша түрде жауап беріледі. «Біздің басты мақсатымыз – әрбір азаматтың өтінішіне бей-жай қарамау. Мәселелерді тек қағаз жүзінде ғана емес, нақты шешімге жеткізу маңызды. Бұл – мемлекеттік басқарудың жауапкершілік мәдениетін көрсетеді», – деді облыс әкімінің орынбасары. Жеке қабылдау Түркістан облысында бұрыннан жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан «Ашық әкімдік» жобасының аясында ұйымдастырылды. Бұл жоба азаматтарға өз мәселесін тікелей шешуші тұлғаларға жеткізуге мүмкіндік береді, бюрократиялық кедергілерді азайтады, әкімшілік жүйенің ашықтығын қамтамасыз етеді. Мұндай кездесулер ай сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады, яғни тұрғындар үшін жүйелі диалог алаңына айналған.
Әлеуметтік мемлекет құру жолында билік пен халық арасындағы сенім – аса маңызды. Бұл қабылдау барысында байқалған жайттар әкімдік ашық жұмыс істеуге бейілді. Әрбір мәселе жеке қаралады. Жауапсыз қалдырылмайды. Бұл – заманауи басқару моделінің негізгі ұстанымы. Қабылдауда сөз болған әлеуметтік, денсаулық және білім беру мәселелері — тек бір адамның мұңы емес, ол жүйелі сұраныстардың айғағы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтің жеке қабылдауы — облыс тұрғындарының қажеттіліктерін естуге және нақты шешуге бағытталған әрекеттің көрінісі. Бұл — билік пен халық арасындағы сенімді диалогтың дамып келе жатқанын дәлелдейді. Жеке қабылдау – бюрократиядан тыс, адам тағдырына назар салатын шынайы алаң. Мұндай кездесулер әкімдік жұмысының тиімділігін арттырып қана қоймай, әлеуметтік әділеттілікке бастар жолды нығайтады.