Әр дерттің өз дауасы бар
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді дана халқымыз. Бірақ осы бір қарапайым қағиданы біз күнделікті тұрмысымызда ескере бермейміз.Әр адам өзін, ішкі және сыртқы түзілісін толық білмейінше, өз тіршілігі үшін не жақпайтынын жан дүниесімен сезінбейінше әртүрлі ауру-сырқауға шалдығуы табиғи нәрсе. Хадисте де: «Алла тағала қайбір кесел жібермесін, кәріліктен басқасының дауасын да қоса қарастырған. Демек дертіңе дауа ізде» дейді.
Белгілі кәсіби халық емшісі, академик Сайд Жолдас әлі Құрайыш қажы тұрғысында, оның аса білімдарлығы мен білгірлігі жөнінде ел аузында әңгіме көп. Қазақстан ғана емес, Орта Азияға атағы жайылған жан. Бүгінгі медицина мен халық емшілігін қатар игерген, дүниеге көзқарасы кең адам. Ол жан-жақты білімді, бір емес, қос бірдей медициналық оқу орын тәмамдаған, атадан балаға мирас болып келе жатқан халықтық емшілікті шебер меңгерген, тәжірибесі мол,ауруды тап басу, талдау, емдеу тәсілдерін жетік білетін әмбебап дәрігер әрі халық емшісі. Өзге емшілерге қарағанда Сайд Жолдас әлінің ерекшелігі мынада:
Ол- адам анатомиясы мен физиологиясынан толық хабардар. Ағза мен ауруды бірімен-бірі тығыз байланысты біртұтас құбылыс деп есептейді. Сондықтан да оның талдау тәсілі мен емдеу әдісі өзара үндесіп, нәтижелі болып шығады. Ол- шын мәнінде білгір диагност,науқастың түрін дәл анықтайды. Ол үшін ресми медицинадағыдай, апта бойы тексеріп, уақыт алмайды. Тек өзіне тән ерекше қабілетімен аз ғана, 4-5 минутта аурудың түрін ажыратып та, анықтап та бере алады. Сайд Жолдас әлі халық емшісі ретінде ең алдымен науқас адамның жан құбылысын психология жүйесімен сүзіп шығады. Содан кейін оған биоөрістік қуат береді. Сөйтіп, науқас адамның жан құбылысын қалпына келтіріп, оны емдеуге алдын ала дайындайды. Тек, ауру адамның көңілінен қобалжу, күдік кеткеннен кейін ғана түрлі өсімдіктерден өзі дайындаған ылаж (дәрі )беріп, емдеуге кіріседі.
Ол диагнозды түрлі жолмен қоя алады. Біріншісі- науқастың тамырын ұстап. Екіншісі- тамырын ұстамай, жүзіне қарап. Үшіншісі- науқастың өзін көрмей-ақ, оның алақанын басып, алып келген ақ қағазға қарап. Төртіншісі-науқастың жүзін көрмей, оған арбағаш жіптің бір ұшын ұстатып, екінші ұшын өзі ұстап, үш-төрт тартып көру арқылы. Бесіншісі- ара-қашықтыққа қарамай-ақ, науқастың аты-жөні, жасы белгілі болса болғаны. Қатерлі ісік және ота жасалатын хирургиялық аурулардан басқа барлық кеселдерді емдеуге де, жазуға да құдіреті жетеді. Соның ішінде жүрек қан тамырлары, жүйке жүйесі, асақазан-ішек жолы, қуық, жыныс жүйелері, стенокардия, ИБС, шыжырқай безі, гастрит, жара, грыжа, эндокринологиялық аурулар, созылмалы гепатохолецистит, нейро-циркулярная дистония, вегето-тамырлар дистониясы, депрессия, астения, ревмокардит, анемия, өкпе, теміреткінің барлық түрі, сондай-ақ нәресте көтермей жүрген жас әйелдер ұшыраған ауру түрлері, медицинаның қолынан келмей жатқан созылмалы ауру түрелері бар.
Науқастар оның сеансынан 3 курс ем алады. Бірінші курста екі ай емшінің берген шөп дәрісін ішіп, он-он бес күн демалып, қайта келеді. Науқастың сауығуына қарай тағы да жаңартылған шөп дәрі беріледі. Оны да үзбей 2 ай ішеді. Оншақты күн демалыстан кейін үшінші рет қайта қабылдайды. Осы мерзім аралығында сырқат адам шыдамдылық жасап, үзбей дәріні ішіп, айтқанды істесе, кез-келген жан сырқатынан құлан-таза жазылып кетері анық. Өзінің ұзақ жылғы емшілік жолында Сайд Жолдас әлі Құрайыш қажы бірде-бір мәрте қателеспегенін, мыңдаған сырқаттардың алғысына бөленгенін айтады. Ол кісінің алдына келетін науқастардың басым көпшілігі дәрігерлер хиругиялық жолмен ота жасап, одан нәтиже болмаған соң сырқатты жанына батқан жара, грыжа ауруымен ауыратындар. Бас-аяғы бірер минутта кеселінен құлан-таза айыққан жандарды көріп,Сайд Жолдас әліні әулие дерсіз. Сиқыршыға теңегендері де болды. Кереметі сол, ешбір отасыз, 100 пайыздың кепілдікпен емдейтін емшінің білгірлігінде шек жоқ екендігіне қалайша тәнті болмасқа.
Адам ағзасында ұшырайтын көп аурулар жүйке жүйесінің бұзылуынан келіп шығады. Жүйкесі жұқарған адамның тәбеті болмайды, ұйқысыздыққа ұшырайды, күйгелек болады және кез-келген ауруды тез қабылдауға бейім келеді. Сайд Жолдас әлі жүйке ауруына ұшырағандар мен талма кеселін жазып қана қоймай, қайта ауырмауына кепілдік береді. Сонымен қатар, қан қысымының төмендеуі, вена тамырларының қабынуы,гипертония, бас ауруы, жөтел, ангина, кеңірдектің қабынуы, астма, борнхит, ревматизм, радикулит, т.б. кесел түрлерін емдеуге ден қойған. Қажы атаның қосағы Халима Бану Берген қызы да кәсіби емші. Ол кісінің де алдында болған талай сырқат жандар дерттеріне дауа тауып, құлазып келген көңілдері қуанып кеткендеріне куәміз. Айтпақшы, Сайд Жолдас әлі Құрайыш қажы халық емшісі ғана емес, ақынжанды, өнерді бағалай білетін де жан. Сөзіміздің қорытындысын ол кісінің бір шумақ өлеңімен аяқтасақ.
Бұл ғаламда барша жандар аманат,
Бар нәрсеге еткенің жөн, қанағат.
Менің-дағы тілейтінім бейбіт күн,
Бар азамат болсыншы, сау-саламат!
Асхат СҰЛТАНОВ.