“БАНКТЕР ЖӘНЕ ФИНТЕХ — 2026”: ТҮРІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Түркістан – тек рухани астана емес, енді ірі қаржылық орталыққа да айналып отыр! Киелі шаһарда «Банктер және финтех–2026» атты екінші халықаралық форум өтті. Мұнда Орталық Азияның түкпір-түкпірінен жиналған банкирлер, IT-мамандары мен алпауыт инвесторлар бас қосты. Форумның шымылдығын ашқан облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек өңірдің инвестициялық «картасын» жайып салды. Түркістанда бүгінде құны 6 миллиард доллардан асатын 122 ірі жоба іске асырылуда. Инвесторларға тек жер емес, дайын өндірістік ғимараттар да ұсынылып отыр.
Күн тәртібінде – болашақтың технологиялары. Қаржы секторындағы жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және блокчейн. Сарапшылар Орталық Азия елдері арасындағы ортақ төлем жүйелерін дамыту мен «ашық банкинг» мәселелерін қызу талқылады. Форумда ұлттық валюталардағы есеп айырысу мен банк саласындағы цифрлық трансформацияның жаңа бағыттары айқындалады. Осылайша Түркістан қаржылық технологиялардың алаңына айналды. «Финтех-2026» – бұл өңір экономикасына құйылатын жаңа инвестициялық толқынның бастауы
Ауқымды іс-шараның қорытынды күні шетелдік меймандар Түркістанның киелі орындарын аралап, қазақы қонақжайлылықпен танысты.


