ТҮНГІ МАРАФОНҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖЕЛАЯҚ ҚАТЫСТЫ

Түркістанда алғаш рет түнгі жүгіру марафоны өтті. “Turkistan Night Run 2026” халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, жеті елден келген спортшылардың басын қосты. Ұлы Жібек жолының рухы заманауи форматта жаңғырып, түнгі фестиваль ерекше музыкалық сүйемелдеумен және театрландырылған қойылымдармен әсемделді. Жүгіру бағыты бойында “Оазис”, “Уақыт құмдары”, “Қасиетті Түркістан” секілді тақырыптық аймақтар жасақталды.
“Сен жай ғана жүгірмейсің, сен ғасырларға созылған жолдан өтесің” – осы ұранмен өткен марафонда қатысушыларға облыс әкімінің орынбасары сәттілік тілеп, жігер берді.
Жарысқа 70-тен астам шетелдік спортшы және еліміздің әр өңірінен келген 800-ге жуық желаяқ қатысты. Жалпы, іс-шараға 3 мыңға жуық адам жиналды. Қатысушылар 5, 10 және 21 шақырым қашықтықтарда бақ сынады.
Мәреге алғаш жеткен жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыға символикалық сыйлықтар табысталды.



