Қаруға әркімнің-ақ бар таласы

324
0

3-2Оңтүстіктің прокурорлары тағы бір былықтың бетін ашты. Бүгінде екінің бірі қару алып жүруге құштар. Мүмкін, дұрыс та шығар. Қазір қорқатын заман, досыңнан дұшпаның көп. Әйтсе де, қаруды шүлен таратқандай оңды-солды, кім көрінгенге бере берген де жөн емеспін білеміз. Бірақ, ішкі істер департаментіндегі лицензиялық рұқсат ету жүйесінің қызметкерлері мұны білмепті, білсе де, білмегенсіген.

Ол мықтылар керек болса, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған, жүйкесі жұқарған жандарға да рұқсат беріп жіберген ғой. Ол – ол ма, марқұм болып кеткендерді де жарылқап, о дүниелік 31 марқұмға қару рәсімдеп бергені еріксіз таңғалдырады. Ал, 17 жүйкесі жұқарған жан бір-бір қаруға ие болып, қаннен-қаперсіз жүргендері сол, жоғарыдағы ішкі істер қызметкерлерінің «қамқорлығы» арқасында. Егер дейміз-ау, тірісі бар, өлісі бар, 48 отты қарудан атылған оқ бейкүнә жанды жер жастандырса ше? Марқұмдардың да, жүйкесі сыр беретіндердің де ешбірі жауапкершілікке тартылмайтыны анық. Осыны біле тұра, заңды қадағалайды дегендердің өздері заңды аттап жатса, не айтуға болады? Прокуратура мұның алдын алып, тосқауыл қоймағанда тағы қанша марқұмдар мен «жындылардың» қару асынып жүретіндері бір Құдайға аян еді. «Естімеген елде көп» деген осы шығар?

«Уақыт» — ақпарат