Еркін елдің еңселі – Елордасы

300
0

13Астана жайлы сәл де болса қызығушылық танытатын әрбір жанның есінде болса, осыдан тұп-тура 15 жылдан сәл артық уақыт бұрын, яғни 1998 жылдың 6 мамырында Елбасының Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру жайлы жасампаз жарлығына қол қойылды. Атауы Астана ныспысын иемденіп, елдің нағыз ресми астанасы мәртебесін иемденгенінің 15 жылдығын ел халқы, туыстас  көрші елдер мен достас халықтар соншама уақыттан бері әр жылы 6 шілдеде айшықты салтанатпен атап өтіп келеді. Тағы бір ерекше нәрсені арада талай жылдар өтсе де  елжірей еске алудың артықтығы бола қоймас деп ойлаймыз. Дәл, сол 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» деген мәртебелі атақ беріліп, ұйымның арнайы медалімен марапатталған болатын. Сол мәртебелі ат пен атақтың тұғырын ел Астанасы күні бүгінге дейін бір сәтке де төмендеткен емес, қайта қастерлі тұғырын тұлғаландыра түсуде.

Елінің дәулеті ортаймай, сән-салтанаты кемімей, әлемнің жарты елі, небір алпауыт мемлекеттер дағдарыстың дал-дұлыңды шығарар шиырланған проблемалары кежегесін кейін тартқан кезеңде, бірлігі мен білігі, татулығы пен тыныш өмірі бір-бірімен ұштасқан Қазақстанның көп ұлтты халқы қаймағы бұзылмаған, сеніміне селкеу түспеген күйде, мерекелік көңіл-күймен Астана күнін бүкіл ел болып атап өтпек. Міне, мұны Елбасының дана басшылығы, сара саясатынан қалай бөле-жара қарауға кімнің де көңілінде сенімсіздік ұялатар селкеулік жоқтығын өмірдің өзі көрсетіп отыр емес пе?
Астана мерекесінің шаттығы тек Елордада ғана емес, елдің барлық өңірлерінде шаттық мейрамына айналды. Басты қалалардың барлығы да ортақ той ретінде атап өтпек. Ал, Астананың өз салтанаты анау «Бәйтерегі» секілді асқақ көңіл-күймен шадыман шаттықтың мерейі мен салтанатын асқақтата түседі. Тың бағдарламаларға сай Есілдің екі жағалауы той мерекесінен мерейі аспандап тұрары анық.

Айсара НҰРЫМБЕТОВА,
Шымкент қаласы,
Әл-Фараби аудандық сотының судьясы.