Жол жиегіндегі жарнамалар жүйеленуі тиіс
Бүгінгі таңда Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» №508 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережелері» туралы №121 Қаулысына және ҚР СТ1633-2007 жылғы стандарт талаптарына сай жұмыстарды жүзеге асырды. ҚР СТ1633-2007 жылғы стандарт талаптарына жарнамалық құрылғыларды сәйкестендіру мақсатында жарнамалық агенттіктердің басшыларына ескертпе хабарлама тапсырылды.
Қазіргі таңда стандарт талаптары өрескел бұзылып, жол бойына құрылғылар орналастырылған. Атап айтқанда: жол жиегінен 5 м, аялдамалардан 25м қашықтықта орналастырылуы тиіс және конструктивті элементтері көрінбейтіндей декоративтік жабу қажет. Көше қиылыстарына 3 жол белгісі болған жағдайда, 150 м қашықтықта көше бойындағы жол белгілерінің көрінісі жаппай орналастырылуы тиіс.
Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында автомобиль жолдары жолағында орналасқан жарнамалық құрылғыларды орнату бойынша ҚР СТ1633-2007 жылғы стандарт талаптарына сәйкес, кезекшілік карта жасақталынып, бір үлгідегі құрылғылардың эскиздік жобасы бекітіледі. Қаланың орталық бөліктерінде электрондық және призматрон типтес құрылғыларды орнатуға ұсыныс жасалады.
Осы жоғарыда баяндалғандардың негізінде қала аумағындағы орналасқан жарнамалық құрылғыларды уақытша мерзімге пайдалануға берілген мемлекеттік актілерінің келісім шарттарын бұзып, жер учаскелері тек аукцион арқылы сатылымға түсіріледі.
Бүгінде ОҚО жер инспекциясы жарнамалық құрылғылар орналасқан жер телімдерінің заңдылығын тексеріп, шара қолдану үшін жарнамалық құрылғылардың тізімдері мен толық мәліметі жолдады. ОҚО жер инспекциясы тарапынан 454 құрылғы тексеріліп, 134 құрылғыға ҚР ӘҚБтҚодексіне сәйкес айыппұл салынып, 181 құрылғы ҚР жер Кодексіне сәйкес ОҚО экономикалық сотында қаралуда. Қала әкімдігі тарапынан 40 құрылғыны орнатуға берілген Шымкент қалалық әкімдігі қаулысының күші жойылды.
Нұрлан АРХАБАЕВ,
Шымкент қалалық сәулет және
қала құрылысы бөлімінің басшысы.