Қазақстанда қандай секталар бар?

734
1

Былтыр Қазақстанда терроризм мен діни экстремизмнің кең қанат жая бастағаны анық байқалып қалды. Оған дәлел болатын елді дүрліктірген оқиғаларды елдің есіне салу да керек емес сияқты. Сонда бейбіт елде бүлік салып жүрген қандай ұйымдар? Олардың қайсысының қызметіне тыйым салынған? Қайсылары әлі күнге тайраңдап жүр? Әртүрлі ақпарат көздеріне сүйене отырып, Қазақстанда әрекет ететін діни бірлестіктер мен қозғалыстарға жан – жақты анықтама беруге әрекет жасаған едік.


Елімізде сот шешімімен қызметіне тыйым салынған 14 бірлестік бар. Жеке – жеке тоқталсақ…
Орталық Азия моджахедтерінің ұйымы алғаш 2001 жылдың соңы мен 2002 жылдың басында кұрылған. Осыған дейін ұйым мұшелері Өзбекстан ислам қозғалысында болғанмен, оның жетекшісі      Т. Юлдашевпен орын алған келіспеушіліктен кейін аталмыш қозғалыстың құрамынан шығып, «Аль Каида» ұйымына кіреді. Ұйым мүшелері өздерінің басшыларынан бастап Усама Бен Ладеннің жеке өзіне адалдықгары жөнінде ант береді. Моджахедтердің басшысы Өзбекстан азаматы Н. Жалолов («Усмон») болды. Кейбір деректерге қарағанда ол казіргі таңда Пәкстанның Пешавар қаласында жасырынып жүр. Ұйымның негізгі максаты: террористік актілер жасау арқылы Өзбекстан Республикасындағы конституциялық құрылысты өзгерту; АҚШ, Ұлыбритания, Израиль елдерінің өкілдікгеріне террористік актілер жасау; т.б.
Шығыс Түркістанның ислам партиясы (ары қарай ШТИП) дербес ұйым ретіиде алғаш 1998 жылы Қытайдағы сепаратистер көсемдерінің бірі Айса Мақсұмның жетекшілігімен құрылған. «ШТИП» 1990 жылдардың соңына қарай «Талибан» және «Әл Каида» козғалыстарымен тығыз байланыс орнатудың арқасында арнайы лагерлер кұрып, Қытай билігімен күрес жүргізу үшін Ауғанстан және Пәкстан елдерінің аумақтарында өздерінің жан-жақты дайындықтан өткен 700-ге тарта адамын орналастырады. Ал өз кезегінде ресми Исламабад бұларға кедергі жасамайды. Пәкстанның аумағында ұйғыр радикалды күштерінің орналасуының нәтижесінде 1999 жылы елдін жаңа басшылығы билікті қолға алғаннан кейін бұл ұйымның Талибанмен қатынастары ары карай дами түседі. Ауғанстанда орналасқан содырлар өздеріне деген талибандардың жылы қарым-қатынасына ие болды. Есесіне бұлар Ахмад шах Масудтын басқаруындағы «Солтүстік Альянс» коалициялық күшіне қарсы қатысатын болып келіседі.
Өзбекстанның ислам қозғалысы (ӨИҚ) ұйымы алғаш 1997 жылы құрылған. Ұйымының басшысы («Амир-аль-муминун») Т.Юлдашев. Қозғалыстың рухани көсемі 1952 жылы туылған Мухаммад Садық Мүхаммад Юсуф болды. Ол Триполи қаласындағы (Ливия) бүкілалемдік ислам университетінің проректоры, Орталық Азия мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфтиі болып қызмет атқарды.
Қозғалыстың дала командирлерінің бірі, әрі басшысы 1969 жылы туылған Ходжиев Жұмабай Ахмаджанұлы  (Жұма Намангани деген атпен белгілі) болды. Ол Өзбекстан Республикасы, Наманган облысынын тұрғыны, ұлты өзбек. Кейінірек Ауғанстандағы  антитеррорлық   іс-әрекеттерінде қаза болады.
Алғашқы кезде қозғалыс өкілдігі Пәкстанның Пешавар қаласына орналасты, кейін  Кабул және Кундуз қалаларына көшіріледі. Ұйым қатарында 2001 жылдары шамамен екі мыңға жуық сарбаз болған. Қозғалыстың максаттары:
— Өзбекстандағы коғамдық қатынастарды барынша исламдандыру;
— Қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыру;
—  Өзбекстанға жиһад жариялау — «кәпірлер» режимі мен қоғамына қарсы соғысу;
—  Қазіргі режимді жою және саяси билікті алу; т.б.
Курд халықтық конгресі ұйымының көшбасшысы — Абдулла Оджалан. Ол 1978 жылы кұрылған Күрдістан жұмысшы партиясының жетекшісі болды. Түркиялық сот органдарының қаулысымен өмірлікке бас бостандығынан айырылған, қазіргі кезде Түркия абақтыларының  бірінде жазасын өтеп жатқан А.Оджалан кедей шаруа отбасында дуниеге келген. Түркияның Санлиурф  провинциясында тұрған. 1974 жылы белгісіз себептермен Анкара университетіндегі оқуын тастап кетеді. Кейіннен Түркиядағы курді сепаратистерінің біріне айналады. 1980 жылы Түркияда орын алғаи төңкеріске дейін-ақ ол, саяси көзқарастарына байланысты Сирияға бой тасалауға мәжбүр болады. Маркстік-лениндік көзкарастарды берік ұстанатын А.Оджалан Күрдістан жұмысшы партиясының идеологиясын тарату бойынша қарулы күрес жүргізудің нағыз жақтаушысы болды.
Ұйымның мақсаты мен міндеттері:
— Курді азаттык қозғалысына халықаралық дәрежеде сипат беру және «күрд проблемасына» әлемдік кауымдастықтың  назарын аудару.
— Барлық курд коғамдық ұйымдарын өз партиясының аясына біріктіру;
— Түркияға қарсы террористік акцияларды жүзеге асыру; т.б. Курдстан жұмысшы партиясы соңғы 25 жылдың көлемінде жақсы қаруланған және жоғары дәрежеде қаржыланған әскер құрады. 1984 жылы ұйым Түркия шекарасында күрділердің этникалық  автономиясын құру бойынша қарулы күреске дайын тұрды. Олар 1990 жылдары өз қатарларын 15000-нан аса сарбазбен толықтырады.
«АУМ синрике» ұйымының мүшелері өздерін будда қауымдастығы деп атайды. Ұйымның басшысы және негізін қалаушы — Секо Асахара (шын есімі — Тидзуо Мацумото). 1986 жылы ұйым өзіне діни реңк береді. Осы жылы Асахара Гималайда «сонғы құткарылуға» қол жеткізіп, оның ұйымы 1987 жылы шілде айынан бастап, «АУМ Синрике» («АУМ шындығы жөніндегі жол») атауын иеленеді. «АУМ» дегеніміз буддалық және индуистік мантрлардың бірі.
Барлық адамзатты «құтқару» идеясын ұстанушы бұл ұйымның қызметі 3 принципке негізделген:
1) адамдарды аурудан арылту;
2) бақытқа осы өмірде қол жеткізу;
3) бостандыққа және жақсылыққа қол жеткізу. Эксперттер «АУМ  Синрикені» белгілі жанжалшыл халықаралық діни ұйымға, тоталитарлық сектаға жатқызады.
Бұлар өз қатарларын толықтыру үшін шығыстық жекпе-жек өнері мен йоганы да пайдаланады. 1994 жылы шілде айында аталмыш ұйым уландыру заттарын қолданып, террористік акт жасау арқылы 7 адамның ажалына себепкер болады. Ал 1995 жылы 20 наурызда Токио каласындағы метрополитенде террористік акт ұйымдастырып, нәтижесінде 5,5 мың адам зардап шегіп, 11 адам қаза табады.
Түрлі қылмыстық  істердің ұйымдастырылуы, оның  ішінде адам өлтіру мен ұрлау фактілері бойынша 1996 жылы ұйымның 400-ден аса мүшелері тұтқындалып, оларға әртүрлі жазалар белгіленген.
«Әлеуметтік реформалар қоғамы» ұйымы өткен ғасырдың 70 жылдары құрылып, штаб-квартирасы Кувейтте орналасқан. Үкіметтік емес кайырымдылық ұйым статусы бар. «Әлеуметтік реформалар коғамы» 40 жыл шамасында қайырымдылық акцияларын көп мемлекеттерде жүргізеді: Индонезия, Бангладеш, Үндістан, Пәкстан, Қытай, ТМД елдері және т.б. Олар қаржыларының көбін неғізінен өз жақтастарына бөліп отырды. Сонымен бірге өздерінің мүдделестерін жергілікгі билік органдарына кіргізу әрекеттерін де жасауға әрекет етті.
Ұйымның тарапынан өзге елдерді коспағанда ТМД мемлекеттерінің эскери-географиялык, әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайларын зерттеп, оларға арнайы экспансиялық жоспарлар құру  үшін де каржы жұмсалып отырды.
Ұйымның қызметі әлемнің 50 мемлекетінде жүргізілді.
Ұйымның ТМД-дағы Бас үйлестірушісі иорданиялық Әли Салах Әли Зайтер болды. Ол сондай-ақ, Қазакстанда аумақтық ортаазиялық филиалдың жұмысын да ұйымдастырды.
«Лашкар-и Тайба» (мағынасы «таза әскер») уаһабшылдық бағыттағы  пәкстандық  әскериленген экстремистік топ болып табылады. Ұйым алғаш Ауғанстанның  Кунар провинциясында 1990 жылы құрылады. Ұйымның басты мақсаты — Орталық Азия мемлекеттеріндегі және өзге де елдердегі мұсылмандық аумақтарда өз ықпалдарын кеңейту.
Ұйымның тағы бір басты мақсаттарының бірі — «Үндістандағы  барлық мұсылмандарды азат ету» болып табылады.
Ұйымға 2001 жылдың соңына дейін Хафиз Мұхаммед Саид жетекшілік етті. Ол 2001 жылдың соңынан бері «Джамаат уль -Дауа» ұйымының басшысы болып келеді.
«Лашкар-и Тайба» ұйымы әлемдік масштабтағы әрекет жасаушы террористік ұйымдармен байланыс орнатқан, оның ішінде «Аль Каида» ұйымы да бар. Бұдан бөлек, ұйым 2001 жылы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы оқиғадан кейін «Аль Каида» ұйымына Ауғанстанда бірқатар материалдық  көмектер көрсеткен (адам күші, қару-жарақтар ұсыну, т.б.).
«Аль Каида» ұйымын алғаш 1988 жылы Ауғанстанда Усама бен Ладен (толық аты-жөні: Усама бен Мухаммед бен Авад бен Ладен) құрған. Ол 1957 жылы саудиялық миллионер Мұхаммед бин Ладеннің отбасында туылған. 1979 жылы Джидда қаласындағы (Сауд Араб елі) король Абдель Азиз атындағы университеттің  экономика және менеджмент факультетін  бітіреді.
1980 жылы Ауғанстанға келіп, жиһад ретінде Кеңестер Одағына қарсы әскери іс-қимылдарға катысады. Онда ауған моджахедтеріне қару-жарақ пен ок-дәрілер тасымалдаумен айналысып, араб елдерінен қаржылай көмектердің берілуін ұйымдастырады.
«Аль Каида» ұйымының ең басты мақсаты — бүкіл әлемде мұсылман мемлекетін кұру болып табылады.
Бүгінгі таңда бұл ұйым халықаралық дәрежедегі ірі құрылымға айналды. Әлемдегі бірде бір «ыстық нүкте» бұл ұйымның қатысуынсыз немесе қаржылык қолдауынсыз жүзеге асырылмайды.
«Аль-Каида» ұйымынын Суданда жатғығу лагерлері құрылып, ол жерден көптеген ислам сарбаздары көптеген жаттығулар жасады. АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Суданды халықаралық терроризмді қолдаушы елдердің қатарына қосқаннан кейін Усама бен Ладен бұл едден кетуге мәжбур болды.
«Асбат ал – Ансар» ұйымы 1985 жылы шейх Хишам Шрейдидің бастамашылығымен кұрылған. Ұйымның  штаб-пәтері палестиналық «Айн әл-Хильва» лагерінде, Ливанның Саида қаласында орналасқан.
Ұйым заңсыз кұрылған. Оның негізгі қызметі — «терроризм саудасы» болып табылады. Яғни, арнайы тапсырыс бойынша акциялар өткізу, өзге де экстремистік ұйымдарды арнайы дайындықтан өткен жауынгерлермен қамтамасыз ету.

«Талибан» козғалысы Ауғанстаннын Қандагар каласында 1990 жылдардың алғашқы жартысында кұрылған. Бұрынғы моджахед Мухаммед Омар молда алғашында бірқатар радикалды көзкарастағы мұсылман студенттерінен топ кұрып, оларды «Аллаһ жолындағы шәкірттер» ретінде Исламды тазартуға, ел аумағында діни билікті орнатуға бастайды. Ал «Талиб» сөзі «оқушы» деген мағынаны білдіреді. Талибандар 1996 жылы Ауғанстанда билікке келіп, олар елде ислам әмірлігі мемлекетінің кұрылғандығын жариялайды. Соңынан шариат заңдарын енгізеді. Талибан билігі 1996 жылдың желтоқсан айында Ауғанстанда арнайы декрет қабылдайды: соған сәйкес, әйелдер үйдегі қамауда ұсталып, олардың оқуына тыйым салынады. Ал еркектер сақал өсіруге міндетті болады.
Талибандар Пәкстанмен, Сауд Араб елімен және АҚШ-пен әріптестік карым-қатынас орнатты.
Талибандардың Ауғанстанды басқару билігі Усама бен Ладенге баспана беруімен және оны 2001 жылғы 11 кыркұйектегі АҚШ-тағы террористік актіден соң Америкаға беруден бас тартуынан кейн көп ұзамай аяқталды.
“Хизб-ут-тахрир” діни – саяси партиясы” ұйымы 1953 жылы Палестина жерінде кұрылған. Құрушысы Тақиюддин ан-Набахани есімді азамат. Ұйымның қызметтік мақсаты — халифат кұру. «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының  1983 жылдан бері айына    1 реттен шығатын «Аль ваъи» («Сана сезім») атты журналы әлемнің жүздеген тілдеріне аударылып, жасырын тарқатылып келеді. Бұдан бөлек, жұртшылыкты жиһадка шақыратын үнпарақшалары да астыртын таратылады.
Ұстанымдары: мұсылман емес адам және әйел Шура мәжілісіне мүше бола алады; аурат (көруге, көрсетуге болмайтын ұятты жерлер) жерлері көрініп тұрған адамдардың суреттерін көруге болады; мұсылман ғарышқа шыққан кезде оғаи намаз оқу парыз емес; солтүстік немесе оңтүстік полюстерде тұратын адамдарға намаз оқымаса да, ораза ұстамаса да болады, т.б.
«Мұсылман бауырлар» ұйымы 1928 жылы кұрылған. Негізгі идеологиясы-уаһабшылдықты ұстану. Негізгі жұмысы: мұсылман әскерлерін дайындау, әлемдегі қарулы шиеленістерге қатысу, сепаратистік сипаттағы мәселелерге идеологиялык, каржылық және әскери тұрғыдан көмектер көрсету. Ұйымның басшысы: Хасан аль-Банна. Ұйымның бөлімшелері Сирияда, Ливанда, Иракта, Иорданияда, Саудая да, Палестинада орналасқан. Ұйымның мақсаты -исламдық коғам құру. Елдегі кұқыктык, моралды-этикалық ережелердің барлығы да мұсылмандыққа негізделуі тиіс. Сонымен бірге, барлық мұсылмандарды Батыс елдеріне қарсы бірігуге шақырады. Жер бетінде халифат орнатуды колдап. мемлекеттердің қолданыстағы заңдарына Құрандағы ережелердің енгізілуін қарастырады.
«Боз гурд» — пантюркизмге негізделген әскериленген ұйым. Алғаш 1948 жылы Түркия мемлекетінде құрылған. Негізгі идеялық концепциясы — тұранизм (түрік халықтарының бірыңғай мемлекетін құру) орнату. Басшысы полковник Алпарслан Тюркеш. Қазіргі танда ұйымның 30 мың мүшесі бар. Және де ұйымның 80-нен астам филиалдары түрік диаспоралары бар Европа мемлекеттерінде, Араб және ТМД аумағындағы елдерде, т.б. жұмыстар жүргізеді.
Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы 1996 жылы Түркия жерінде құрылған. Ұйымның қызметі Қытайда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, т.б. өңірлерде террористік актілер ұйымдастыруға бағытталған. Ұйымның негізгі қызметтік бағыттарының бірі — сепаратизмге бой ұру болып отыр. Сонымен бірге, ұйым қызметі қару-жарақтар мен жарылғыш заттарды сатып алуға, сатуға және халықаралық террористік ұйымдардың лагерьлерінде өз жақтастарын оқытуға, өз қатарларына жаңа мүшелер тартуға, т.б. қызметтерге бағытталған деуге болады.
Жоғарыда айтқанымыздай бұл діни ағымдардың қызметіне сот үкімімен тыйым салынған. Бірақ, олардың кейбірі атын өзгертіп, кейбірі қайта тіркеліп негізігі бағыты бойынша жұмыс жасауда. Солардың бірқатарын атап өтсек дейміз. Өйткені, былтыр күзде қабылданған ҚР «Діни бірлестіктер және діни қызмет туралы» Заңына сәйкес елде діни ұйымдарды тексеріп, тергеп, қайта тіркеу жүріп жатыр. Негізінде ешкімге жөн сілтеп, ақыл үйрету ниетіміз жоқ. Біздікі пиғылының терістігі мен ниетінің бұзықтығы көзге ұрып тұрған осы бір ағымдар елде қайта тіркеліп кетпесе деген ой. Сонымен…
«Уаһабилік» немесе «Сәләфилік» — діни – саяси ағымы ХҮІІІ ғасырда Арабстанның Нәжд өлкесінде пайда болған. «Уаһһабилік» оны мекенде туып өскен әрі өзінің діни көзқарастарын таратқан Мұхаммед ибн Әбдәл-Уаһһаб деген кісімен байланысты. Ал, «салафилік» Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар мен оның сахабаларының дәуірін қайтару ұғымына жақын. «Сәләф» сөзі «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Кейбір ислам ғұламалары мұсылмандардың алдыңғы үш толқынын «сәләфилер» деп атады. Олар – сахабаларды (Пайғамбарды (с.ғ.с.) көргендер), тәбиғиндер (сахабаларды көргендер) және табаға-тәбиғиндер (табиғиндерді көргендер). Өздерін «сәләфи» деп санайтын мұсылмандар сол сәләфилер сияқты Құран Кәрім мен сүннетке ғана сүйенеміз дейді. Сәләфилар мұсылмандарды Алланың бірлігіне шақыру, ислам дінін хұрафат-бидағат амалдардан тазалау, дінімізді Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) заманындағыдай қалпына қайтару, араб әлемін біріктіру сияқты мақсаттарды ұранға айналдырып алған.
«Сәләфилік» ағымының негізін қалаған Мұхаммед ибн әл-Уаһһаб Ханбали мазһабын ұстанған. Алғашқы діни білімді өз әкесінен алды. Кейін Меккеде Мадинада, Басрада, Бағдадта оқыды. Көп жыл саяхатта болды. Әкесі дүниеден қайтқаннан кейін өз еліне қайтып, діни жетекші қызметін атқарды.
ХVІІІ ғасырдың 40 жылдарынан бастап өзінің діни-саяси күресін ауқымды жүргізе бастады. Араб елдерін біріктіру деген ұранмен шыққан бұл әрекет көп ұзамай Саудтың туына, кейіннен династияның ресми идеологиясына айналды. Қазіргі таңда олар барлық жерде өкіметті қолға алу және сол арқылы өз мақсатына жету үшін тоқсаусыз күрес жүргізуде. Осы ниеті амалға асу үшін дінді құрал ретінде пайдалануда. Уаһабилер әрекеті тарихта қанды іздерін қалдырған. ХІХ ғасырдың басында олар Мекке, Мадина қаласындағы барлық қабір тастарды, тіпті Айша мен Фатима аналарымыздың және көптеген сахабалардың сағанасын жермен жексен етті.
Олар отаршылдардың көмегімен, Осман түріктеріне соғыс ашады, ал олардың ұстанған ханафи мазһабын күпірлік деп жариялайды. Мұхаммед ибн әл-Уаһһаб өзіне дейінгі мұсылмандарды қасиетті Құран мен сүннадан ауытқып келген деп санады. Олар тариқат сопыларын мүшрикке шығарды; дінсіздерге, зекет бермейтіндерге және намаз оқымайтынтарға қарсы жиһад ашуға рұқсат етті, дүниауи мәдениет және өнермен айналысуды (музыка, театр, көркемсурет және т.б.) кешірілмейтін күнә санайды. Олар Ислам әлемі 14 ғасырдан бері мойындап келе жатқан 4 мазһабты мойындамайды.
Олар тыйым салған амалдар:
1. Өлгендерге Құран оқу, бағыштау;
2. Мазарларға бару;
3. Тәспі қолдану;
4. Дұғаларда пайғамбарлардың, әулиелердің, періштелердің есімдерін айту;
5. Мешіттерге садақа беру;
6. Пайғамбарымыздық туылған күні, яғни мәуліт күнін атап өту, т.б..
Олар мен ханбали мазһабы арасындағы айырмашылықтар:
1. Намазды міндетті түрде жамағатпен оқу;
2. Иман калимасын айтумен, иманды саналмайды;
3. Тәспінің орнына саусақ буындарынқолданады;
4. Мешіттердің мұнарасы болуына, сәнделуіне қарсы;
5. Пайғамбарымыздың «с.ғ.с.) қабірін зиярат етуді көптәңірлікке теңейді.
«Тәкфир» немесе «һижрат» жамағаты өздерін ғана мұсылман, ал қалғандарды кәпір санайды. Сондықтан жамағаттың аты да өзіне сай тәкфир яғни жамағаттан басқаларды кәпір дейтіндер және һижрат яғни басқалармен араласпайтындар деп аталады. Бұл жікшіл ұйым. Жамағаттың алғашқы идеологиясы Мысыр түрмелерінде өріс алып, соңынан бас бостандыққа шыққан мүшелерінің ой-пікірлері қисынға келтіріп, тұжырымдалды. Солтүстік Мысырда және сол елдің университет студенттері арасында олардың ізбасарлары көбейді.
«Тәкфир» және «һижрат» жамағаты деп даңқы шыққан мұсылмандар жамағаттың ұстанымы мен ой-пікірлері Мысыр түрмелерінде, әсіресе 1965 жылы жалпы тұтқынға түскен мұсылмандар ішінен Мысыр презинденті Жамал Әбднәсырдың бұйрығымен Сайд Құтб пен оның пікірлестері өлім жазасына кесілген соң бір жүйе түсті.
Түрмелердегі дінді ұстанған мұсылмандар қатты азап тартты. Сол азапқа шыдамай қайтыс болғандар да болды. Осындай үрейлі жағдайда мұсылмандардың ашу-ызасынан туындаған тәкфир идеологиясы арқылы діни көзқарасты қабылдап, қолдайтын адамдарда табыла қалды. Олар қоғамның жас бозбалалыр еді.
1967 жылы Мысыр ұлттық қауіпсіздік комитеті қамаудағы дағуатшы мұсылмандарды президент Жамал Әбднәсырға бағынып, оның саясатын қолдауға шақырды. Тұтқындар бұл талапты түрліше қабылдап, мынау топтарға бөлінді:
1. Мұсылмандардың бір тобы қызметтеріне қайта оралу мақсаттында тәубеге келіп, президентті және оның саясатын қолдауға асықты. Олар ислами әркетке адасып кіріп қалған бір топ жұмысшылар мен дағуаттан үлкен пайда көздеп қосылған саясаткер болатын.
2. Қамаудағы дағуатшылар тобының бірі мемлекеттің талабына қарсылық көрсетпейтін әрі оны қолдамайтын, орта позицияны ұстанатын мұсылмандар.
3. Жастардан құралған дағуатшылардың азшылығы мемлекеттің саяси бағытын қабыл алмады, ал президентті кәпір деп жариялады. Олардың мәлімдемесі бойынша, зайырлы мемлекет құрғысы келген президентті қолдаған өздерінің діндес бауырларын ислам дінінен қайтқан опасыз, сатқын, өздерінен басқа қоғамдағы басшыларына мойынұсынған әрі сүйенген барша жұотты кәпір санады. Жамағатқа қосылмағандардың намазы да, оразасы да қабыл емес. Бұл жамағат ұстанымының негізін салған шейх Әли Исмаил болатын.

Жамағаттың негізгі құрамы тәкфир, яғни кәпірге шығару, кәпір деп санау ұғымы. Үлкен күнәларды істеген, бастан аяғына дейін күнәға батқан адам кәпір. Оның тәубесі қабыл болмайды. Сондай-ақ Алланың түсірген шариғатымен үкім швғармайтын басшылар мен сол үкімді разылықпен қабылдайтын жұрт та кәпір. Бұларды кәпір демейтін дін ғалымдарды да кәпір. Тәкфир жамағатының пікірін қабыл алмаған немесе қабыл алып, жамағатқа қосылмаған және сол жамағаттың имамдарына ермеген әрбір адам кәпір. Ал, кімде-кім жамағатқа кіріп, одан шықса, ол адам сатқын есептеледі. Оны өлтіруге де болады. Қайбір ислам жамағаты тәкфир жамағатының дағуатын қолдамаса, оның басшысы діннен қайтқан кәпір саналады.
Олар: «кімде-кім имамдардың немесе сахабалардың сөзін дәлел ретінде қолданса немесе қияс, маслахат ал-мурсала, истихсан және сол сияқты дәлел-құжаттармен мәселе шешсе, ол әрі мүшрик, әрі кәпір саналады»,-дейді.
Олар: «Һижраттың төртінші ғасырынан кейін күпір және жаһилият дәуірі басталды. Өйткені мұсылман адам әрбір үкімнің дәлелін білмейді, діни амалдарда біреуге еруден басқа шамасы жоқ»,-дейді.
«Тәкфир» жамағаты қағидаларының екінші негізгі құрамы һижрат. Һижраттың сөздік мағынасы тәрк ету, көшу, қоныс аудару, үзілу. Олардың қолдануы бойынша, һижрат – бұл надан елден, қоғамнан өзін алып қашу, олармен қандай да қарым-қатынасты үзу. Өзінен басқа барша адамдарды надан, жәһил деп біледі. Бұл жерде мекен үзілісі мен ой-сана үзілісі назарға алынған. Қоғам мен мекен Расулулллаһ (с.ғ.с.) пен сахабалардың кезіндегідей болуы керек, дейді.
Олар: «Қазіргі кезде идеологиялық күрес қажет. Ол тек тәкфир жамағатының бағдарламасы арқылы жеткізілуі шарт. Ислам дінінің күші, мұсылмандардың жігері жеткілікті болмағандықтан жиһад соғысын тоқтат тұру керек»,-дейді.
Олар: «Ислам тарихының мұсылмандарға ешқандай мәнділігі жоқ. Ең жақсы тарих Құран Кәрімде келген тарихи оқиғалар. Ислам ғұламаларының сөздері, тәфсир және ақаид кітаптарының бірде-бір құндылығы жоқ. Өйткені, ол ғұламалардың бәрі діннен қайтқан сатқындар», деп айтады. Жамағат: «Құран мен хадистерге ғана сүйенеміз», дегенімен, сөздерінен таяды. Өйткені, Құран мен хадис үкімдеріне сәйкес келсе, оны дәлел ретінде алады. Ал, үйлеспесе, айлакерлік жолына түсе салады.
Олар: «Жамағат баршаны сауатсыздыққа, білімсіздікке шақырады, оқуларды тастауға үгіттейді. Өйткені, институт пен университеттерді мешіттер сияқты, шайтанның мекендері, деп санайды»,-дейді.
Олар: «Жұма намаздары мен жамағат намаздары қасиетті төрт мешіттен басқа мешіттерде оқымайды. Дүниедегі төрт мешіттен (Мекке мен Мәдинедегі мешіттер, Құба мен Ақса мешіттері) басқа барша мешіттер зиянды саналады. Сол мешіттерде намазды өткізген имам тәкфир жамағатынан болса ғана намазхандардың намаздары дұрыс болады»,-дейді.
Өздерінің әмирі Шүкри Мұтафаның осы үмметінің көптен бері күткен имам Мәһдиі деп санайды. Оның күш жігерімен ислам діні барша діндерге үстем етеміз, деп ойлайды.
Қазіргі қарулармен мемлекеттер арасындағы соғыс нәтижесінде дүние экономикасы мен саясаты өз шегінен шығады да «тәкфир» жамағатының дәуірі басталады, адамдар атамзаманғы қарулармен (қылыш, найза, садақ т.б.) соғысты жалғастырады.
«Тәкфир» жамағаты өздерін имаматтық (басқару), ижтиһад (үкім шығару қабілетіне ие болу) дәрежесіне жеттік деп есептейді.
«Тәкфир» жамағатының мүшесі мархұм Әбдрахман Әбу ал-Хайрадың «Мұсылмандар жамағатының зікірі» атты кітабы жамағаттың қадірі де қасиетті кітабы саналады.
«Тәкфир» мұсылмандардың арасына іріткі салып, олардың бірлік-ынтымағын кетіреді, үлкен дау-жанжал шығарады, мемлекеттің саяси-экономикалық бағдарламасының нығаюына кедергі келтіреді, әрқандай ланкестік іс-әрекетке барады, халықтың дінге деген ынта-ықыласын кемітеді т.б. зияны аз емес.
Қазақстанда ықпалы күшті ағымдардың бірі – саентология шіркеуі. Шіркеудің еліміздегі орталығы Қарағанды қаласының орталығы Ержанов көшесінде орналасқан. Осыдан он шақты жыл бұрын пайда болған бұл секта үлкен ғимараттардың біріне қоныс теуіп, вокзалдың қарсы бетіндегі «Қазақтелеком» мекемесінің алдында олай-бұлай еткен адамдарды тоқтатып, сауалмана жүргізіп келе жатқанына көп жыл болды. Өрімдей қыз-жігіттерді ертіп алып, өздерінің «ордасына» алып бара жатқанына жұрттың бәрі куә. Олардың әңгімесі «Бай болғың келе ме?» деп басталады. Кім бай болғанды жек көреді. «Иә» десе, онда: «Жүр мына жерде кеңсе бар, соған барып әңгімелесейік» деп ерте жөнеледі. Оның арғы жағы белгілі. Сектаның торына түсті дей беріңіз. Алдайды, арбайды, ақша береді. Ең сұмдығы – адам психикасына әсер ететін дәрі ішкізеді. Оған биліктегілер де, құқық қорғау органдары да біраз жыл тиісті көңіл бөлмей келеді.
Қазіргі жағдай өзгерді. Еліміздік ұлттық қауіпсіздік комитеті саентологиялық шіркеуінің үстінен қылмыстық іс қозғады. Алматы қаласындағы саентология шіркеуіне тінту жүргізіп, одан адамдардың денсаулығына зиян келетін, қолдануға тиым салынған шетелдік дәрі-дәрмектер тәркіленді. Ал жақында Қарағанды қаласында прокуратураның талабы бойынша ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты «Қарағанды қаласының саентология шіркеуі» діни бірлестігін жабу туралы үкім шығарды. Онда аталмыш діни бірлестік адамдардың денсаулығына, атап айтқанда, психикасына зиян келтіретіні айтылған. Міне, он жылдан астам тайраңдаған саентология шіркеуінің «қызметіне» осылайша шектеу жасалды.
Шындығын айтқанда, саентологияның шіркеуге ешқандай қатысы жоқ. «Шіркеу» деген олардың бүркеншік аты. Бүгінде әлемдегі ең ірі қаржылық империяларының бірінің негізін қалап, өзінің «сандалбай» идеясын таратушы американдық жазушы-фантаст Хаббард деген біреу. Оның шын пиғылын түсіну үшін мына бір сөзін оқысаңыз жеткілікті: «Ақша жасаңдар, көп ақша жасаңдар, саған ақша жасау үшін басқаларға жұмыс істеңдер» деген екен ол сабазың. Ол ақыры дегеніне жетіп, саентологиялық қаржы империясына айналды. Баспасөздің мәліметіне қарағанда, бұл ұйымның бір күндік кірісі 5 миллион доллар көрінеді. Қазір әлемдегі соның ішінде ТМД елдерінде ең ықпалды дәстүрлі емес ағым – осы. Оның мүшелерінің ішінде байлар да бар. Себебі, сектаға кіру тек материалдық жағынан ғана емес, түрлі саяси партия, мекеме кәсіпкерлер туралы ақпараттарды алуға қолайлы. Одақ құлағында саентология шіркеуінің алғашқы филлиалдары Мәскеу мен Санк-Петербург қалаларында пайда болған. Олар «Дианетика орталығы» немесе «Хаббардтың гуманитарлық орталығы» деп аталған. Осы ілімді ойлап тапқан Рон Хаббардтың атымен аталды. Ол сонау елуінші жылдары «Дианетика» ғылымын «ойлап тауып», оны қазіргі заманғы адамның рухани саулығы туралы ғылым деп атаған. Бірақ, Хаббардтың ғылымын ғалымдар теріске шығарған соң, оны дін деп атап, «шіркеу» деген атау беріп, өңін өзгерте салған. Алайда, осы күнге дейін ешқандай дәстүрлі дін өкілдері мойындаған емес. Мысалы, проваславиье дінінің басшылары саентология барынша басқыншыл тотаритарлық секта екенін айтады.
«Сопылық» — Ислам әлемінде кеңінен тараған діни қозғалыс. Сопылықты уағыздайтын тәлімді «тасаууф» деп атайды. Тасаууф – тәңіртанудан, адамзаттың этика-эстетикалық құндылықтарын терең түсіндіретін, рухани, ішкі дүниенің талаптарына жауап беретін білім ретінде қалыптасқан. Тарихта Ислам діні әлемге кеңінен жайылып, ислами мемлекеттер аса байыған кезеңдерге мұсылмандардың көпшілігі баюдың, сән-салтанаттың жолына түсіп, ел билеушілер, байлар тоғышарлық танытқан болатын. Осыған орай тақуалыққа үндеушілер, Алланың ақ жолына, Пайғамбарымыздың сахабалары сияқты салиқалы қарапайым шариғат шеңберінде өмір сүруге шақыратын топ пайда болды. Содан бұл діни қозғалыс тариқат деп атала бастады. Алғашқыда нәпсі тәрбиесіне ұмтылған сопылардың көбі кейіндеу тақлид «яғни, бұрынғылар ұстанған Құран мен сүннет) жолымен емес, бірте-бірте өздерін үнді, парсы, грек сияқты христиандық мифология араласқан философия арқылы тәрбиелеуге, Алланы тануға ұмтылып, нәтижеде ислам шариғатынан ауытқыды.
Сопы деген сөзге түрліше түсінік берілген. Мысалы: һижри жылдың 597 жылы дүние салған Ибн Жаузий ал-Бағдадий «Сопылық ислам дініне дейін пұтқа табынушы болған, жаһилдің ғасырда өмір сүрген Әл-Ғус бин Мурр деген кісінің атымен аталады» десе, Әл-Бируний және Фун Хаммер: «Тасаууф сөзінің түбірі «саффа», Бұл философия сөзінің екінші қосындысы «сафия» сөзімен түбірлес. «Сафия» грекше «даналық», «фила» латынша «ғылым» дегенді білдіреді. Сонда сопылық сөзінен «даналық ғылымы» деген мағына шығады»,-деп түсіндіреді.
Сопылықты «суф»-«жүн» деген сөзбен байланыстыратындары да бар. Өйткені алғашқы сопылар үнемі жүннен тоқылған киім киген екен.
Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманында үй-күйі жоқ адамдар мешіттерді паналаған. Оларға мұсылман бауырлары көмек көрсетіп отырған. Олар әрқашан мешіттен табалдырықтан намазда алдыңғы сапта тұратын, сол себепті кейбір ғалымдар сопылықтың «саф әл-аууәл» — «бірінші саптағылар», яғни мешіттердегі бірінші қатарды иемденгендер немесе «саффа»-«таза, пәк, дінге шынай берілу яғни, діннен басқасында шаруасы жоқ» деген мағынаны білдіреді деушілер де болды.

Сондай-ақ сопылықта төрт белгілі құтұп бар. Олар: Абдулқадир әл-Жиланий, Ахмад әр-Руфағий, Ахмад әл-Бадауий, Ирахим бин Адхам.
Сопылардың тағы бір танымал тұлғасы франциялық философ Рене Жену. Еуропада тасаууфты ұстанған, өзіне Абдул-Уахид Яхия деген ат берген. «Рамзия ас-Салбия» және «аш-Шарқ уа ал-Ғаб» кітаптарының авторы.
Сопылық – мақамдардан тұрады. Яғни, сопылық: құлшылық етуші (ғабид), тақуа (захид) сияқты бірнеше мақамдарға бөлінеді. Мақамдардың өзара айырмашылықтары болып, әрқайсысының өзіне тән әдебі, ұстанатын жолы және алға қойған мақсаттары бар.
Сопылық жолындағы пенде әрбір мәртебеде белгілі мерзімде тұрып, өзінің әркеті және ыждаһатты арқасында келесі мәртебеге өсіп отырады. Ал келесі мәртебеге жетіп, өсуі үшін рухани тазаруы және көп еңбек етуі қажет.
Сондай-ақ, сопылық жолындағы пенденің бойында қас-қағым сәтке ғана келіп кететін салқын самал тәрізді жағдай болады. Бұл халге жеткенде рух пенденің бойына өзінің хош иісін тастайды. Сонда оның рухтың самалын қайта сезінуге деген құштарлығы оянады. Мұны ахуал дейді. Әл-Жунайд ахуал жайлы: «Ахуал жүрекке түсіп, әсер етіп, көп ұзамай кететін жағдай»,-деген. «Ахуал Алланың сыйы, ал мақам пенденің еңбегінің жемісі», «Ахуалдар жомарттық қайнардан келсе, мақамат еңбекпен яғни, маңдай терімен келеді.» деген сөз бар. Бұл жолдағы пенденің алғашқы дәрежесі Алланы және пайғамбарды сүюі, оның дәлелі пенденің пайғамбардың жолына толығымен берілуі болып саналады. Содан соң «үлгілі жол бастаушы» (сендердің пайғамбарларың барлық істеріңде үлгі, деген мағынадағы аят бойынша).
«Тәубе ету» бұл күнәдан арылу, оны істегені үшін қатты өкіну, ең соңында бұл істі қайталамауға серт беру, ал күнәсі өзге бір пенденің ақысына байланысты болса сол пенденің алдынан өтіп, ризашылығын алуы.
«Тақуалық (уарғу)»- жүрекке және амалға қатысты күмәнді істерге жоламау.
«Тақуалық (зухд)»- бұл дүние пенденің тек қалтасына ғана емес, қалыбында болмауы дегені. Пенде әрі бай әрі дүниеге қызықпайтын (тақуа) болуы мүмкін. Өйткені тақуалық, дүниеге қызықпау дегені, бірақ кедей болу деген сөз емес. Дегенмен, кедейдің барлығы дүниені тәрк еткен тақуа деген емес, барлық тақуа да кедей емес.
«Тәуәкел»- істің басы тәуекел, ортасы бойұсыну, соңы ісін Аллаға тапсыру.
«Махаббат» — Әл-Хасан әл-Басрий бұл жайлы: «Махаббатың белгісі жақсы көргенімен барлық істе келісуің, барлық амалдарда оның жолмен жүруің, барлық тәсілмен онымен бірге болуың, оның ұнатпаған барлық ісінен аулақ жүруің»,-деп анықтама берген.
«Риза» — Аллаға разы болу ең үлкен бақыт, бұл дүниенің жәннаты. Ризашылық – пенденің Алланың жазған үкіметінің аясында жаны рахат тауып, өмір сүруі. Кейбіреулер «Риза – мақамдардың ең шыңы, бұдан соң пендеге ғайыптың сырлары ашылып, ақиқатты көреді» деп анықтама береді.
Сопылық мектептері:
Зухд мектебі: бұл мектептердің өкілдері Рабия ал-Адауия, Ибрахим бин Адхам, Суфиян ас-Саурий.
Кашф және мағрифат мектебі: бұл мектептің идеологиясы бойынша ақыл жалғыз өзі Алланы тануға және болмыстың ақиқаттарын жете білуге жеткіліксіз. Пенде рухани дамуы арқылы жүрегінің көзі ашылып, ақиқатты бүркеп тұрған пендешілігі көрінеді дейді. Бұл мектептің негізін салушы Әбу Хамид әл-Ғаззалий.
Уахдатул-ухуд мектебі: бұл мектептің негізін салушы Мухиддин бин ал-Арабий. Оның соңғы ізбасарларының бірі Жамал әд-Дин әл-Ауғаний бұл мектептің негізгі ұстанымы: «Алла барлық нәрседе, Ол барлық нәрсе. Сондықтан бұл әлемдегі барлық нәрсе қасиеттеуге және ұлықтауға лайық» деп санайды. Ибн ал-Арабий «ақиқатшылар айтқандай, бұл болмыста Алладан өзге нәрсе жоқ, біздің бар болуымыз Алланың қалауымен, бұл ғаламда тіршілік иесінің барлығы тек Оның тіршілігі себепті, болмысы тек Ол, тек қана Ол бар, оған тең нәрсе жоқ. Онымен қоса басқа да бір тіршілік не ұқсас нәрсе бар деу дұрыс емес» дейді.
Ит-тихад және Хулул мектебі: негізін салушы ал-Халлаж. Бұл мектептің идеологиясына үнді және христиан сопылығы әсер еткен. Олардың сенімінде «сопының бойына Алла еніп сопы Жаратқанмен бір магерия болады» дейді. Олардың сөздерінің бірі «Әнә әл-Хақ» яғни (Мен Аллаһпен) және «ма фи жубба илла Аллаһ» яғни, «бұл киімнің ішінде тек Аллаһ бар». Өздері жайлы осылай айтады. Бұған қоса өздері пайдаланатын шараптарын ішкенде айтатын сұм сөздері тағы бар.

Сопылық «тариқат» ағымдары:

Қадирия: Абдул-Қадир Жиланий мектебі (470-561х.ж) жыл сайын Бағдадтағы қабірін көптеген тариқатшылар теберік етіп зиарат етеді. Бұл кісі өзі заманында көптеген ғылымды оқыған, өзі де ғалым болған. Оның ізбасарлары көптеген кереметі болған деп аңыздар айтып жүреді. Бұл кісінің шұғылданған тақуа ретінде танылған. Тариқаты Батыс Азияда тараған.
Ахмадия: Мысырдың ең үлкен әулиелерінің бірі Ахмад әл-Бадауий мектебі. Фас қаласында туылған. Қажылыққа барып, одан Иракқа сапар шеккен. Қайтыс болғанша Танта қаласында өмір сүрген. Сол қалада оның ел зиярат ететін кесенесі бар. Ол кісі шабандоздықпен танылған екен. Құлшылыққа қатты беріліп, үйленуден бас тартқан. Оның тариқатындағылар Мысырдың түкпір-түкпіріне тараған. Бұл тариқаттың бумия, шанауия, аулад-Нух және шағбия деген ағымдары бар. Олардың көзге көрінерліктей белгілері қызыл сәлде.
Дусуқия: Ибрахим әл-Дусуқий (633-676) мектебі. Бұл тариқат нәпсіні және оны рахатқа батыратын барлық нәрсені тәрк етуге шақырады. Олардың бас байлығы барлық жаратылысқа сүйіспеншілік, бойұсыну және шейхтың қалауы мен әміріне бойұсынып тыныштық табу.  Бұл тариқат білімге, амалға және елден жыраққа «хилует» ету дұрыс емес дегенге шақырады.
Акбария: «Шейх акбар» Мухиддин бин ал-Арабий мектебі: бұл тариқаттың негізі тыныштық сақтау, елден жырақтау «ғузлат», аштық пен түнді ғибадатпен өткізу. Бұл тариқаттың үш сипаты бар: «Келген қиыншылықпен бәсеге сабыр ету, кеңшілік пен рахат өмірге шүкір ету, тағдыр-қазаға разы болу».
Шазилия: Әбу Хасан Шазилий мектебі. Марсияға жақын жердегі ауылда туылған. Туниске қоныс аударған. Бірнеше рет қажылық жасап, кейіннен Иракқа барған. Онда қажылыққа барып жатып Ғайзаб шөлінде қайтыс болған. Бұл кісі жайлы «тариқатты жұртшылыққа жеңілдетіп берген» деген сөз бар. Өйткені оның тариқаты ең жеңіл болып саналады. Оның негізгі білімге, зікірге негізделген. Онда көп машақат шегудің қажеті жоқ. Оның тариқаты Мысырда, Йеменде, араб өлкелерінде сондай-ақ, Маракиште, Алжирдің батысында, Африканың солтүстігімен батысына тараған. Маха тұрғындары оның әулиелігіне, үлкен мақам иесі екеніне сеніп иланады.
Бакташия: Осман түріктері осы тариқатты ұстанған. Бұл тариқат Албанияда осы күнге дейін сақталған. Бұл тариқат шиға сопылығына жақын саналады. Түріктер мен монголдардың арасында исламның жайылуына үлкен рөл атқарған. Бұл тариқатты османдық әміршілер ұстанған.
Маулауия: Негізін салушы парсы ақын Жалалиддин Румий (672 һ). Бұл тариқат зікір алқаларына би мен ырғақты енгізумен ерекшеленеді. Жайылған жерлері Түркия, БатысАзия. Қазіргі таңда тек Түркияда, Халабта және кейбір шығыс елдерінде шамалы ғана қалған.
Нақшибандия: «Шах нақшибанд» атағын алған шейх Бахауддин Мухаммад бин Мухаммад ал-Бухарий (618-791) тариқаты. Бұл шазилия секілді жеңіл тариқат. Парсы, үнді, Батыс және Орта Азия елдерінде тараған.
Маламития: Негізін қалаған Абу Салих Хамдун бин Ахмад бин Аммар (271 һ) өзі «Қассар» деген атпен танымал.
Иассауия: Ахмад Иассауий негізін салған тариқат. Бұл тарихаттың өзгешілігі Аллаға жақындау үшін қоғамнан, халықтан қашықтау, дүниені тәрк ету, жалғыздыққа шығу, өз дүние ләззатынан тыю сияқты амалдармен танымал.

Сопылықтың адасулары.

Сопылардың кейбіреулері аруақтарға сыйынса, біреулері сиқыр және сәуегейлік жолына түсті. Кесене тұрғызуға, әулиелердің қабірлерін көтеруге және оларды зиярат етуге, зиярат ету барысында сипау секілді Құранда ешбір мәлімет жоқ жайттарды істеп, бидғат жолына түсті.
Кейбіреулері: «Әулиелер құлшылық етпесе де болады, өйткені олар белгілі мақамға жеткенде ғибадатқа мұқтаждық қалмайды»,-дейді. «Себебі ол (әулие) шариғи міндеттермен айналысса жүрегіндегі құзырды жоғалтып алады»,-дейді. Ғазалиден: Ғурур-көкіректегі тасып, менменсіп кеткен адамдарды сынап, оларды мына түрлерге бөлген: 1. Киімімен, көрінісімен, сөзімен алданушылар; 2. Білеміз, Хақты көреміз, мәртебеміз жоғары деп дауласушылар; 3. Халал мен харамды ажыратпайтын, шариғатты аяқ асты етушілер.
Олардың кейбіреулері: «Амал жасаудың ешбір мәні жоқ. Негізгі мәселе жүректе, біздің жүрегіміздегі Аллаға деген махабат Аллаға деген танымалдылыққа жетелейді. Қолымыз дүниеге батқанымен жүрегіміз Аллада, сондай-ақ біздің сыртымыз шахуатта болғанымен жүрегімізге оның әсері жоқ»,-дейді. Сопылар пірлеріне «Ғаус және Ғияс», қазақшасы «Құтқарушы, көмекші» деген сөзді қолданады.
Әрбір тариқаттың өзінің айтатын зікірі бар. Мысалы: Нақшбандия тариқатында «Алла» деген сөз, Шазилияда «Лә илаха илли Алла» сөзі, мұнан басқа, Истиғфар және Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтуда қосылған. кейбіреулері зікірге аса беріліп кеткен кездерінде тек «Хуа,хуа» деп те айтады. Сондай-ақ кейбір тариқат «зікір жаһрия»-дауыстап айтылатын зікірді қабылдаса, кейбірі «зікір махфия»-«іштен айтатын зікірді», кейбірі мүлдем шариғатта көрсетілмеген зікірдің түрін қабылдайды.
Сопылық көне замандардан келеді. Сопылық нанымы бойынша адамның сезімдері рухани тәрбиеге мұқтаж, сезімі мен нәпсіні жаттықтыру қажет дейді. Сопылықтың тақуалыққа, тәубеге, нәпсі тәрбиесіне шақыратынында ешбір дау жоқ. Өйткені бұл амалдардың барлығы исламда бар. Ислам істерді ұстанып, амал жасауға шақырады.
Дегенмен, сопылардың кейбірінің «хулул және иттихад»-«Алланың келуі мен пендемен бірігуі» сеніміне бет алып кетуі, «Тариқат жолы денені қинаудан тұрады»деуі сияқты исламға жат амалдары да көп. Ондай амалдар сопылыққа үнділерден, грек философиясынан, христиандықтардан енген.
Қазақстанда Нақшбандия мен Қадирия тариқаттарын ұстанатын сопыларды кездестіруге болады.

Материалдарды топтастырған — А.ТАМА.