Сіздің бұйрығыңыз Оңтүстікте неге орындалмайды, Қасымов мырза?!

474
0


Өзге облыстарға қарағанда Оңтүстік Қазақстан облысы биылғы көктемді жайлы қарсы алды. Көктемі ерте шығып, жұрт анау айтқандай әбіржіген жоқ. Өзге облыстарда су апаты орын алып, халқы белуардан су кешіп жатқанда, бұл жақтың төтенше жағдайлар қызметі қалыпты жағдайда жұмыстарын атқарды. 2007 жылы Сарыағаш, Отырар, Арыс аудандарының ауылдарын су басқанда бастарын қайда алып қашарларын білмей қалғандар қазір ол сұмдықты ұмыта бастағандай.

Осыдан бірер жылдай бұрын Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы ауысты. Зейнеткерлікке жасы жеткенде көше қарақшыларының таяғына жығылып, саусақтары сындырылған департаменттің бұрынғы бастығы Уалихан Ережепов қызметінен кетіп, орнына өрт сөндіруші Александр Путейко бастық болып келді. «Бір кісі таққа мінсе, қырық кісі атқа мінеді» дегендей, жаңа басшы креслоға «қонжиған» соң, басқа құрылымдарда ауыс-түйіс болмай қалған жоқ. 2013 жылы өткен аттестация кезінде жіберілген кемшіліктер жөнінде мәселе көтерілгенде осы А.Путейконың жанынан табылған «қолдаушы топтың» бірнеше мүшесі қызметтерінен шеттетілді. Неге? Өрт сөндіргішті қорғаштағандардың «қызметі» неге еленбеді? Ол жағы беймәлім. Солардың бірі Б.Маханов департаментте орын алған кемшіліктер жөнінде Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігіне дейін шағымданып, мәселенің ара-жігін ашып беруді талап етіп жүр. Есесіне зейнеткерлікке шыққан кейбір азаматтарға басшылық қызмет шүлен таратылғандай етіп, бөлініп берілді.
Солардың бірі деуге болады, «ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайдар Комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесінің бастығы қызметіне М.Бексейітов тағайындалған. Бейресми ақпарат көздерінің хабарлауынша, қазіргі кезде М.Бейсейітов бұл қызметтен босатылған көрінеді. Оған себеп те жоқ емес сияқты. Зейнет жасына шықса да, азаматтық қызмет саналатын аталған қызметке тағайындалған М.Бексейітов туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшысы А.Путейконың айтуынша, «ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайдар Комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесіне басшы «жоғары жақтан» тағайындалған. Есесіне, М.Бексейітовтің тұсында «ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайдар Комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесінде әжептеуір мәселе көтерілгені— басы ашық мәселе. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұловтың атына жазылған хатқа сүйенсек, аталған мекеменің кезекшілік-диспетчерлік қызметінің басшысы-құтқарушысы З.Сапарова 2005 жылдан бері жұмысқа жарамсыз ретінде 2-топтағы, мезгілі шектелмеген мүгедектікке шықса да, аттестациялық комиссиядан өтіп отырған. Бұл мәселеге тиісті құқық қорғау органдарының неге бейтарап қарап отырғаны белгісіз, бірақ «ҚР Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 6-тарау, 31-бабында «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарында құтқарушылар міндетін атқаруға он сегіз жасқа толған, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы даярлықтан өткен және аттестатталған азаматтар жіберіледі. Қазақстан Республикасының азаматтары құтқарушы мәртебесiне олар медициналық куәландырудан, кәсіби қасиеттерін тестілеуден, психологиялық тестілеуден өткеннен кейін, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтердi орындағаннан кейiн авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған аттестаттау нәтижелерi бойынша ие болады. Аттестаттау комиссиясы Қазақстан Республикасының азаматтарына құтқарушы мәртебесiн беру туралы шешiм қабылдаған кезде оларға уәкілетті орган белгілеген үлгілер бойынша құтқарушы куәлiгі, кiтапшасы, бетіне тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), қан тобы мен құтқарушының тiркеу нөмiрi жазылған жетон беріледi. Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында құтқарушылар осы Заңды, Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметі мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады және соның құрамында көрсетілген жұмыстарды жүргізетін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының басшыларына ғана бағынады. Құтқарушылардың өз міндеттерін атқаруына кедергі келтіру мақсатында оларға қандай да бір нысанда ықпал етуге ешкім де құқылы емес», 32-бабында «Авариялық-құтқару қызметтерінің басшы құрамы авариялық-құтқару қызметі немесе құралымы қызметінің ерекшелігіне сай келетін жоғары білімі бар және арнайы даярлықтан өткен адамдар арасынан жасақталады» деп көрсетілгенін ескерсек, «ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайдар Комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесінде бұл талапқа дер кезінде неге зер салынбай қалуы мүмкін?
«ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайдар Комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесінде жемқорлық әрекеттері тамыр жайып бара жатқанын алға тартқан қызметкерлер өткен жылдың қараша айында З.Сапарова аттестациялық комиссияның қорытындысымен 1 сыныпты құтқарушы статусына ие болған. Алайда, бұл комиссия өтіп жатқан кезде З.Сапарова өзінің физикалық дайындығын көрсетпеген. «Бұл туралы жасақтың жеке құрамы, егер арнайы түсірілген бейнежазба әдейі өшіріліп кетпесе, түгелдей дәлелдеп бере алады» дейді осы мекеме қызметкері. Олай болса, 2-топтағы, мерзімі шектеусіз мүгедектігі бар азаматшаға қай мекеме, кім жұмысқа жарамдылығы туралы анықтама берді? Бұл жауапкершілікке апарып соқтыратын мәселе ме, жоқ па? Осы жөнінде департамент басшысы неге тиісті орындардан сұрау алмаған? Бүгінгі күні мұның барлығы жұмбағы көп, жауабы жоқ сұраққа айналып отырған тәрізді.
Оның сыртында «ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайдар Комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы М.Бейсейітов пен құтқарушылар арасында бірнеше рет кикілжің орын алғаны баяндалады. Тіпті, бұрынғы басшы өзін ҚР ТЖК бұрынғы басшысы В.Божконың тамыр-танысы екенін айтып, өзіне қарсы шыққандарды жұмыстан босату жөнінде мәселе қозғайтынын да ашықтан-ашық баяндаған көрінеді. «ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайдар Комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесінде заңсыздықтың үстем алғаны сондай, З.Сапарованың құрбысы Р.Амангелдиева психолог мамандығы бойынша жұмысқа қабылданған. Еліміздің қолданысындағы заңдылықтарына сүйенсек, бұл жұмысқа арнайы дипломы, кемінде бір жылдық тәжірибесі бар азаматтар қабылдануы керек. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейтенанты М.Демеуовтің арнайы хаты мен талабы бар. Өкінішке қарай, З.Сапарованың құрбысына келгенде бұл талап көзге ілінбей қалған көрінеді. Бұған не деуге болады? Тіпті, өзгені былай қойғанда, еліміздің төтенше жағдайлар комитетіне тікелей басшылық жасап отырған Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің, атап көрсеткенде министр Қ.Қасымовтың 2014 жылғы 25-қарашадағы №843 бұйрығы елеусіз қалып отырғаны қынжылтады. Осы бұйрықтың 1-тармақ, 19-тармақшасында «Требования, предъявляемые к состоянию здоровья спасателей не допускают наличие следующих заболевании: варикозная и посттромбофлебитическая болезнь нижних конечностей с явлениями хронической венозной недостачности 3 степени и выше», 25-тармақшасында ««Требования, предъявляемые к состоянию здоровья спасателей не допускают наличие следующих заболевании: хронические гепатиты, декомпенсированные циррозы печени и другие заболевания печени с признаками печеночной недостаточности 2-3 степени и портальной гипериензии», 44-тармақшасында «Требования, предъявляемые к состоянию здоровья спасателей не допускают наличие следующих заболевании: варикозная болезнь и рецидивиующий тромбофлебить нижных конечностей и гемморроидальных вен», 51-тармақшасында «Требования, предъявляемые к состоянию здоровья спасателей не допускают наличие следующих заболевании: понижение остроты зрения ниже 0,8 на одном глазу и ниже 0,5 на другом, коррекция не допускается» деп көрсетілгенін алға тартатын болсақ, З.Сапарованың ай сайын мүгедектігі үшін 26669 теңге, еңбекақысы үшін 110000 теңге мемлекеттен алып отырғанын қалай түсінуге болады? Бұл мәселе бірнеше уақыттан бері тоқтаусыз көтеріліп келе жатыр, ендеше Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуртурасы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті неге тиісті шара қолданбаған? Бұл «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына қаншалық сәйкес немесе томпақ келеді, бұл жағына неге заңды баға берілмеген?
Айналып келгенде, «қыңыр бір жақ, қырсық бір жақ» немесе «көрмес түйені де көрмес» дейтін жағдай Оңтүстік Қазақстан облысында орын алып отыр. Бұл мәселе Астана жақтан арнайы тексеріліп шешілмесе, жергілікті жердегі «Оңтүстіктің көкелерінің» қолынан келетін шара немесе олардан күтетін үміт жоқ сияқты.

Р.ОРЫНБЕК