Сопбеков айыппұл төлеуге дайындалуда
«Уақыттың» редакциясына Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Әділхан Бекжігітұлы Мұратовтан газетте жарық көрген «Сопбековтен кісен алынып, қызметіне кіріседі ме?» деген мақалаға байланысты жедел түрде мына төмендегідей жауап келді: «Сіздердің «Уақыт» газеттеріңізде «Сопбековтен кісен алынып, қызметіне кіріседі ме?» атты мақала жариялапсыздар. Мен – Сопбековтың орынбасарымын. Сіздерге Амангелді Сопбековтың ақталуға емес, айыппұл төлеуге дайындалып жатқанын мәлімдеймін…»