«ДАҢҚ» МЕМОРИАЛЫ АШЫЛДЫ

Шымкенттегі Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ғимаратының ауласында «Даңқ» мемориалының ашылу салтанатты өтті.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, сала мамандары мерейлі мерекемен құттықтады.

«Ұлттық Қауіпсіздік органдары бүгінгі таңда мемлекет саясатын ұлттық қауіпсіздік саласында, террористік және экстремистік іс-әрекеттердің алдын алу мен жою бойынша   өз міндеттерін ойдағыдай атқаруда.  Бүгінгі «Даңқ» мемориалының ашылуы – жас ұрпаққа өзінің өмірін қиын да қауіпті қызметке арнаған ардагерлердің даңқты дәстүрлерін мирас етуде тарихи  маңызы бар іс-шара деп санаймын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі