АУЛАДА ЖАНҒАН ОТ КӨРШІ ҮЙДІҢ ҚОРАСЫН ШАРПЫДЫ

 

Ағымдағы жылдың 2-қыркүйегінде Түркістан қаласындағы Сырым батыр көшесінде орналасқан жеке үйдің ауласында  қураған шөп жанады. Тез тұтанған от көрші үйдің (Едіге көшесіндегі)  қорасына шарпиды. Салдарынан ауданы 84 шаршы метрді құрайтын қораның шатыры (45 шаршы метрі) және есік терезелері өртенеді.

Өрт сөндірушілердің кәсіби машығынсыз алауды ауыздықтаудың мүмкін еместігін білген соң адамдар өрт сөндірушілердің көмегіне жүгінеді.

Бұл туралы хабарлама сол күні Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші патрульіне сағат 11:15-те  түседі. Құтқарушылар хабарлама бойынша АЦ-5-40 (43253)-011  және АЦ-8,0-70(43118)-013 өрт сөндіру автокөліктерімен  оқиға орнына  сағат  11:27 –де жетеді.

Оқиғаға байланысты өрт сөндірушілер тұрғындарға құрғақ шөпті жағудың қаупі туралы  ескерту жасады.