САЯБАҚТА «ПОЭЗИЯ БҰРЫШЫ» АШЫЛДЫ
Шымкенте әдебиет сүйер қауымның бас қосып, рухани азық алатын орынның қатары толықты. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың Жеті қыры» бағдарламасы аясында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтахановтың қолдауымен «Жеңіс» саябағында әдеби-мәдени «Поэзия бұрышы» ашылды.
Нысанның ашылуына ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар Одағының төрағасы Есдәулет Ұлықбек қатысты.
Поэзия бұрышында алдағы уақытта қала тұрғындары арасында мәдениетті насихаттау мен дамытуға бағытталған әдеби кештер өткізілетін болады. Сонымен қатар жазушылар және ақындармен кездесулер, шығармашылық іс-шаралар мен философиялық лекциялар ұйымдастырылады.
Жиын соңында аға буын өкілдері жастарға сәттілік тілеп, батасын берді.
uakit.kz