ШЫМКЕНТ ӘКІМІНЕ СҰРАҒЫҢЫЗ БАР МА?

329
0

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2019 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру жиынын 14-ақпанда сағ.:11.00-де «Түркістан» сарайында өткізеді.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Хабарламада  «Қала әкіміне қойылатын ұсыныс-пікірлеріңізді жазбаша түрде аудан әкімдіктерінде орнатылған жәшіктерге салуларыңызға болады. Сондай-ақ, сауалдарыңызды қала әкімдігінің WhatsApp (8 747 720 1717) нөміріне немесе akimge_surak@mail.ru электронды поштасына жазып жіберулеріңізге болады»,- делінген.

uakit.kz