Бала тәрбиесі – басты назарда

2-1Бала тәрбиесінде ата-ананың орны қашанда бөлек, жауапкершілігі жоғары.  Жүсіпбек Аймауытов атамыз «Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – күнде көрген өнеге» деп түйіндейді өз ойын. Сондықтан да баланың жақсы болып өсуі құрсақта жатқанынан-ақ алған тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Ұл-қызды еңбексүйгіштікке баулу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету, әдебиетті, өнерді сүюге тәрбиелеу басты бағыттардың бірі. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген  күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, балабақша мен мектепте тәлім-тәрбие беріледі.

Қазіргі таңда болып жатқан өміріміздегі түрлі өзгерістер ұстаздар мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыра түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде балабақша қызметкерлері бірлесе жұмыс жасаулары керек. Әрбір ұстаз ата-аналармен  қарым – қатынас   жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана  отырып жұмыс жасаса, ата-ананың балабақша мен тәрбиешіге деген  көзқарасы өзгерер еді.
Ата – аналармен бірлесе жұмыс ұйымдастырудың негізгі  мақсат-міндеті:
* Ата – ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
* Ата – аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа   алу:
* Кішкентай бүлдіршіндерімізді жан-жақты, білім мен өнерге құштар өрендер етіп тәрбиелеу болып табылады.
Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата -аналардың   педагогикалық   сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге  қажетті  тәжірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын  табу үшін ата-аналарға бағыт-бағдар беріп, бұл мәселені бірлесе шешу – тәрбиешілердің басты міндеті . Жас   күнінде   бала   қандай   тәрбие   алса   сол   ізбен   алға   қарай   өсетінін ұмытпайық.

Жанна БЕРДИЕВА,
«Димаш» балабақшасының педагог-психологы.
Сайрам ауданы, Ақбастау ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ