“Дәмеңіз Дәмегүлдікіндей екен, Талғат Теменов жолдас!..”

Қазағым: «Біреудің қаңсығы – біреуге таңсық» дейді. Қатты айтыпты. Керемет, шыншыл сөз. Осы біздің қазақта талағымыз тарс айырылып, басқаның боқ-соғына тәнті болуымыз бойымызға қашан жабысқан кесел болды екен?!.
…Ермек Тұрсынов дейтін бір «данышпан» сценарийші бұрынырақ «Келін» дейтін келемеж-қойыртпағында ұлтымыздың табиғатында жоқ бәлені бастап (Бәлкім, өзінің – Ермек Тұрсыновтың – тұқымында бар сырқат па екен?!.), қазақты ешкі малымен будандастырып қойып еді, жақында шекесі жалтыр шенеунік Мәулен Әшімбаевтың емеурінімен Эрнест Хемингуейге еліктеп-елітіп, ес-түсінен тағы «айырылып» қапты…

Тұрсыновқа түкіріп жүрсек, өңі көмірдей ауыл қазағы, тәп-тәуір, жып-жылы жұмыстары бар режиссер Талғат ТЕМЕНОВ те табан астынан Проспер Меримеге мең-зең болғанын ауызынан су ағып әңгімелейді…
Мұнысымен қоймай, Талғат ағамыз кешегі кеңестің «Жолдас!» деп жағы талмайтын заманында «күшігінде таланған» сабалақтай, орыс­ты орынды-орынсыз мақтап, тілін былғапты…
Талғат жолдас орыстардың Қазақ елінен кетпеуін өтініп, зар еңірепті… Орыстардың ата-бабаларының сүйектері қазақтың жерінде жатқанын айтыпты. Олар – басқыншылар мен зорлықшылардың сүйегі…
Қазақтың сүйегі орыстың жерінде де, қытайдың топырағында да, өзбектің даласында да, қырғыздың тауында да, тіпті, Мысырдың құмында да жатыр. Не қыламыз, сонда көшеміз бе, әлде, майдан ашып, тартып алуға тырысамыз ба?..
Мұрынына саясаттың иісі кірмейтін Теменов Американы «мықты империя» дейді. Дұрыс-ақ. Ресей де империя. Енді қазақ елі қашан империя болып еді?!.
«Саясат сенің не теңің – тырқылдайды көтенің» дегендей, Қазақстан кім, Америка кім? Жалпы, жер бетінде «қазақ» деп аталатын ұлт бар ма? Бар! Ал, «американ» дейтін ұлт ше? Жоқ!..
Ол-ол ма, «күллі әлем шекараларын ашып тас­тап жатыр» деп, тағы шатыпты, Талғат жолдас. Онда таңертең қара Қытайдың тұсындағы шекараны сырып тастайық, ал, түс ауа Талғат жолдас  өз пәтерінің асханасында 150 қытаймен бірге шәй сораптап отырсын…
Немесе, есі ауысып, аумалы-төкпелі күн атырған ауған тұстағы қақпаны айқара етсек, көр де тұр: бір жетіден кейін Талғат жолдастың немерелері «оразасын кокаинмен ашуы» әбден ықтимал?..
Солай болса, Теменов жолдас қалай сайрайды екен?..
Зығырданым шыдатпайды…
Рим Папасына пайғамбардай табынған сорлы қазақтың бұл шалдыр-шатпақ қылығы, сорымызға қарай, қасиетті Құран Кәрімді түсірген құдіретті Алла Тағаламыздың хақтығы мен тауфиығынан әзір алыс екендігін ғана көрсетеді…
Қазаққа рақымы түсіп, осыншама жер мен байлық берген Жаратқан Иеміз бір жұртқа бар жақсылығын қалайша үйіп-төгіп шаша салсын, сірә, зиялының қасиеті мен ұлтына деген махаббатынан қысыңқырап, тепе-теңдік теориясын ескерген шығар?!.
Әйтпесе, Аллаға серік қосатын діннің басшысы Рим Папасының бізге көк тиындық құны жоқ. Ал, кешегі қызыл кеңес сандуғаштарының бірі Вахтанг Кикабидзеге ары мен барын жоғалтпаған қазақтың бекзат арулары пысқырмайды да…
Коммунист әншінің бірі, «көптің бірі, қолдың кірі» дегендей, жүнбет гүржінің сасық шоқайын жалайтын қасиетінен айырылып, қадірі қалмаған қамкөңіл қатындар ғана…
Жаным ашиды…
Менің бір таңқалатыным, Абайды терең түсініп, мәжнүн ақынның тұңғиықтағы қатып-семген таусылмас қайғы-қасіретін аз-кем сезінбек түгілі, тек мектепте ғана «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» тақпағынан әрі аса алмаған, қадымдап баса алмаған біреулер мысалға Абайды келтіріп, өзін көтензорлықпен сол деңгейге тартқылап, тыраштанады…
О, пәруәрдігәр, тектіден татып ішкен Абай қайда, озбыр орыстан түсінде де шошып-оянған қызыл «коммунист», қызылкөз Талғат қайда?..
Дәмесінің зорын?!.

Қажымұқан ғабдолла,
Орал.

ПІКІР ЖАЗУ