Батырбековты қолдан қылмыскер ету кімге қажет болды?

ҚР Бас проруроры Ж.Асанов мырзаға!
Құрметті Жақып Қажманұлы!
Мен сізге, облыстық және аудандық прокуратура қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері негізінде әділетсіз жапа шегіп отырған Батырбеков Амангелдінің облыс және аудан прокуратура қызметкерлерінен көріп жатқан жәбірі мен қысымын тоқтатуды және оның қазіргі жағдайына назар аударуыңызды сұрап 5.08.2016 жылы №81 санды өтініш хат жазған болатынмын. Бұл азамат 2015 жылдың қазан және 2016 жылдың сәуірі аралығында 2 рет жазықсыз сотталып, ОҚО сотының апелляциялық алқасы ол екі үкімді де бұзып, бостандыққа шығарған екен.
Батырбеков Амангелді Президент Н.Назарбаевтың атына хат жазып, өзінің 4 факті бойынша ҚР Президент әкімшілігіне, ҚР Бас Прокуратурасына, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына, ҚР Экономикалық тергеу қызметіне, ҚР ІІМ қызметкерлерін жұмылдыра отырып, толық жан-жақты тергеу жүргізуді сұрап отыр.

ОҚО прокуроры генерал И.Имановқа тікелей қатысы бар №165100031000530 санды қылмыстық істі тоқтатып, нақты қадағалауда ұстап, азамат Батырбеков Амангелдінің үйқамақтан босатылуына ықпал етілуін сұрағанбыз.
Сондай-ақ, бұл істің ақ-қарасын тексеруді ОҚО прокуратурасына жолдамаутуралы өтінішімізге қарамастан, Сіздің қызметкерлеріңіз сыдыртпа жауаппен,хатымды қайтадан ОҚО прокуратурасына жолдапты.
Батырбеков Амангелдінің жұбайы Баймұратова Күлзада 17-ші тамыз күні ҚР Бас прокурорының орынбасары Ерлік Кененбаевтың жеке қабылдауында болып, Амангелді Батырбековке қатысты тергеліп жатқан қылмыстық іске негіз болған№14510001100090 және №16510001100021 санды қылмыстық істерді Бас прокуратураға шақыртып бұзып, тергеуге жолдауды шілде айының 7-сі мен 17-сі күндері сұрап жазған арыздары бойынша, ол 2 қылмыстық істер шақыртылып, жан-жақты толық қаралатын болған екен.

Міне 1,5 ай бұрын, Бас прокуратураға шақыртылып, зерделенуі тиіс №14510001100090 және №16510001100021 санды қылмыстық істер облыстық прокуратурадан әлі күнге Бас покуратуаға жолданбапты. Содан-ақ Батырбеков Амангелдінің тағдыры қалай шешілетіні белгілі емес пе?
Бұл мәселе тек Амангелді Батырбековтің ғана емес, егемен еліміздің экономикасын іштей жегі құрттай жеп жатқан сыбайлас-жемқорлықтың кең қанат жаюы емес пе?
Сізден осы №14510001100090 және №16510001100021 санды қылмыстық істерді шақыртып, толыққанды зерделетіп, заңды шешім қабылдауды жеке қадағалауыңызға алуыңызды сұраймын.
Мен сізге азамат Батырбеков Амангелдінің жұбайы жолдаған хаттың көшірмесін де жіберіп отырмын. Толық мән-жайды сол хаттан оқуыңызға болады.

Мұхтар ШАХАНОВ,
республикалық «Мемлекеттік тіл»
қоғамдық қозғалысының төрағасы,
Түркі әлемі зиялылар Одағының төрағасы.

ПІКІР ЖАЗУ