АЯШЕВ — ЕҢ ҮЗДІК РЕКТОР

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақ үні» газеті мен «Қазақ үні» ұлттық порталының жыл адамдары анықталды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының басшысы Оңалбай Аяшев «Жыл ректоры» деп танылды.

Ұзақ жылдар бойы білім беру саласында білікті басшылық жасап келе жатқан О.Аяшев өз ісінің нағыз майталман маманы болып саналады. Биылғы жылдың өзінде институтта рухани шығармашылық іс-шаралар барынша көп өткізілді. Жастардың бойында рухани құндылық, ұлтжандылық, кәсібін шебер меңгеру барысында елеулі жұмыстар атқарылса, соның бәрінің басы-қасында Оңалбай Аяшев жүрді. Ол кісіге беріліп отырған марапат еліміздің білім беру саласының өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін нағыз баға деп қабылдағанымыз жөн. Жыл үздігі ретіндегі О.Аяшевтің марапатына құтты болсын айта отырып, жақсы істердің келер күндерде де жалғасын табуына деген игі тілегімізді білдіргіміз келеді.

«Уақыт».

ПІКІР ЖАЗУ