Дархан Сатыбалды  өз қызметінде  отыр ма?

Дархан Сатыбалды өз қызметінде отыр ма?

2013-2015 жылдары Шымкент қаласының әкімі болған, ал осыдан 2 жыл 4 ай бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып жүрген Дархан Сатыбалды (суретте) жөнінде қазір ел арасында оның қызметінен босап, шетелдегі жоғары оқу орнына кеткендігі жөніндегі әңгіме жұрт назарын аударып отырған жаңалықтардың қатарында тұрған секілді. Бірақ нақтылы өкім шығып, оның жұртқа таныстырылмағандығы, бұл сөздің қаншалықты шындыққа жататындығынан көпшілікті толық хабардар ете алмай отыр.

Көп жылдар бойы республиканың бірнеше министрліктерінде және Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жауапты қызметтер атқарған Дархан Сатыбалдының Оңтүстік өлкесіндегі жауапты қызметтерді иеленуін кешеге дейін Шымкент қаласының әкімі болған, бүгіндері республикалық «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымовпен байланыстырып келген болатын. Ғабидолла мырзаның қызметін Астана қаласына ауыстыруы Дархан Амангелдіұлының да қызметін өзгертуіне белгілі бір деңгейде түрткі болған жоқ па екен деген болжамның айтылуы – жаңа шындықтарға негіз болатын секілді. Әзірге белгісіз күйде тұрған ел арасындағы дүдәмал сөздің орын алуының өзінде бір гәп бар сияқты болып тұр.

“Уақыт”.

ПІКІР ЖАЗУ