«ДИУАНИ ХИКМЕТ» («АҚЫЛ КІТАБЫ») – ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИДІҢ СОПЫЛЫҚТЫ (СУФИЗМ) ЖЫР ЕТКЕН ӘДЕБИ ШЫҒАРМАСЫ.

Қожа Ахмет Иасауи қазақ даласында ислам дінінің нығаюына зор ықпал жасаған ғұлама, әулие адам болған. Шамамен 1093 жылы (кейбір деректерде 1041, 1103 жылы) ежелгі Исфиджаб қаласында дүниеге келген. 1166 жылы Иасы (Түркістан) қаласында қайтыс болған.
«Диуани Хикметтің» түпнұскасы сақталмаған. Сақталған көшірмелерінің ішіндегі ең ескі нұсқасы XV ғасырдың орта кезінде араб әрпімен жазылған. Бертін келе «Диуани Хикмет» Қазан (1887-1901), Стамбұл (1901), Ташкент (1902 -11) баспаларынан жарык көрді.
Ақын өз кітабын Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде дүниеге әкелген. Бұл араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадистерді жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, осы кітап арқылы түркі халықтары сопылық ағыммен кеңінен танысты. «Диуани Хикмет» – әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін шығарма. Оның авторы – ақын, түркі халықтарының рухани көсемі, діни ғұлама Қожа Ахмет Йасауи.

ДИУАНИ ХИКМЕТ.
15-ХИКМЕТ
Рахматыңнан шет қалдырма мен ғаріпті,
Дамыл таппай дұға қылам жылап Саған!
Ертелі-кеш безер болдым, таң атқанша,
Көзімді ілмей дұға қылам, жылап Саған!
Дәргәһіңа енді келдім, белді байлап,
Жаным күйген, жүрегімді алдың баурап,
Жағамды ұстап өткеніме шындап жылап,
Ықыласпенен еңіреп, дұға қылдым Саған!
Көңіл бағы гүлзар екен білмей жүрдім,
Ғұмырым гүлі көктей солды енді білдім,
Дүние талақ, дін жолына қадам ұрдым,
Азардастан жылап, дұға қылдым Саған!
Бұл бағдарда жанды аяп қалмас болар,
Жанын баққан бұ жолдармен жүрмес болар,
Пайда-зиян екенін де білмес болар,
Осы халмен жылап дұға қылдым Саған!
Құл Қожа Ахмет нәпсі тауын басып асты,
«Фанафи Алла», – мақамына ұр құлашты!
Жүрек, бауырын жосалатып, қайнап тасты,
Осы жолмен дұға қылам жылап Саған!

1

%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b8-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d1%8b%d1%80%d1%83-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

ПІКІР ЖАЗУ