ЖҰМЫСШЫ ТОП МҮШЕЛЕРІ КЕЗДСУ ӨТКІЗДІ

Жуырда Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында құрылған облыстық «Туған жер» Жобалық кеңсесінің жұмысшы топ мүшелерінің Келес ауданының активімен кездесуі болып өтті. Жиынға Облыстық тәрбие және білім кіші бағдарламасының бас менеджері топ жетекшісі Кендирбаев Сеилхан Саипназарұлы, Облыстық Рухани қазына кіші бағдарламасының бас менеджері Бекпенбет Гүлнұр, Облыстық Атамекен кіші бағдарламасының бас менеджері Кипшакбаева Гүлнұр Бейсенқызы, аудандық жұмысшы топ мүшелері мен ауыл, ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Жиынды Келес аудан әкімінің орынбасары Сексенбаев Алмас Икрамұлы ашып, жүргізіп отырды. Жиын барысында Облыстық тәрбие және білім кіші бағдарламасының бас менеджері топ жетекшісі Кендирбаев Сеилхан Саипназарұлы баяндама жасап, қызметкерлермен пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді.
(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1405

ПІКІР ЖАЗУ