АЛДАҒЫ ҮШ КҮНДЕ АУА РАЙЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЖЫЛИДЫ

158
0

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері алдағы үш күнде, яғни, 4-6 мамыр аралығында ауа райы қандай болатыны туралы хабарлама таратты.

Онда «Қазақстанға жылжыған антициклон республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын мен күннің сууын тоқтатты. Алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. 6- мамырда күндізгі ауа температурасы кей жерлерде плюс 23-28 градус, оңтүстік және орталықта плюс 27-32 градусқа дейін жоғарылайды. Оңтүстік-шығыста алдағы үш тәулікте әлі де суық атмосфералық фронттың ықпалы сақталады. Сондықтан кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, жел күшейеді», — делінген.
Жауын-шашынның тоқтауымен мұнда ауа көктемгідей тез жылынады. Ал батыс облыстарында Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан атмосфералық фронттардың жылжуымен найзағаймен жаңбыр және найғазай кезінде желдің дауылды күшеюі күтіледі.

 uakit.kz