Өмірзақ ШӨКЕЕВ, облыс әкімі:  «АУЫЛДАРДА КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛІП, САЯБАҚТАР КӨБЕЮІ ТИІС»

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, облыс әкімі: «АУЫЛДАРДА КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛІП, САЯБАҚТАР КӨБЕЮІ ТИІС»

Ағымдағы жылы Қазығұрт ауданына Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 608 млн. 757 мың. теңге бағыттау жоспарлануда. Оған аудандағы жолдарды орта жөндеуге, білім саласы бойынша мектептерді ағымды жөндеу көзделуде. Сондай-ақ, жоба аясында орталық футбол алаңы, балабақшалар, мәдениет үйі, орталық кітапхана да ағымды жөндеуден өтпек.

Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке атқарған жұмыстары бойынша баяндамасын таныстыру кезінде осындай мәліметтерді келтірді, деп хабарлайды uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз кезегінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан басшылығына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын қолдап «Жоба жүйелі түрде іске асуы қажет. Алдымен аудан орталығы, округ орталығы, кейін жыл сайын 5 ауылды көркейтіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілу керек. Ауылдарда нысандар көбірек салынып, көшелер жөнделіп, саябақтар саны жыл сайын артуы тиіс», – деп, ауылды көркейту  бойынша аудан басшылығына нақты тапсырмалар берді.

Кешегі аптада облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысандарды аралап, аудан басшылығына нақты міндеттер бергенін еске сала кетейік.

 

uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ