САЙЛАУҒА ҚАТЫСУДА ӨҢІРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ҚАНДАЙ БОЛДЫ?

146
0

Кеше Орталық сайлау комиссиясы 9-маусым Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауына қатысқан сайлаушылардың өңірлер бойынша белсенділігін жариялады.

Соған сәйкес сайлауға қатысудағы белсенділігі жағынан Алматы облысының халқы 89 % көрсеткішпен көш бастады. Ал 84,9 % көрсеткішпен Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облысы екінші орыннан көрінді. Үшінші орынды 84,8 пайыз көрсеткішпен Түркістан облысы түйіндеді. Қостанай облысының халқы 84,1 пайыз көрсеткішке қол жеткізіп, тарихи күнге бей-жай қарамайтындарын аңғартты. Ал бесінші орынға 83,4 пайызбен Ақмола облысы жайғасты.

Орталық сайлау комиссиясы Шымкент халқының белсенділігін 67,6 пайыз  екенін мәлімдеген. Бұл ең соңғы орыннан бір саты жоғары көрсеткіш.

uakit.kz