ШЫМКЕНТ ТАҒЫ БІР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

ШЫМКЕНТ ТАҒЫ БІР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Шымкенттегі Маятас елдімекенінде Бадам суқоймасы маңынан «Hawaii Shymkent» демалыс аймағы ашылды. Халықаралқ талаптарға сай ашылған демалыс орнында келушілер үшін барлық жағдай жасалған.
Жобаның құрылтайшысы – белгілі меценат Төкен Танаұлы. Халық игілігі үшін ашылған нысанда бір мезетте 1500-2000 адамның демалуына мүмкіндік жасалған. Демалыс аймағының аумағы – 5,7 гектарды құрайды. Жобаның жалпы құны – 1 млрд 250 млн. теңге деп бағаланып отыр.
«Hawaii Shymkent» демалыс аймағы жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді.

uakit.kz

(сурет авторы: С. Қосаев)

ПІКІР ЖАЗУ