Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Шымкент қаласының әкімі: «ГРИН-ПАРК ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК САЯБАҚ. БІРАҚ ШЫМКЕНТТЕГІ ДЕНДРОБАҚ ОДАН БІР САТЫ ЖОҒАРЫ»

160
0

Лондонда  іссапарда жүрген  Шымкент қаласының әкімі өзінің инстаграм парақшасы арқылы Грин-парк саябағының көрінісінен видео жүктеген.  Таң ала кеуімнен  саябақта жүгіруге шыққан қала әкімінің түсірген  видеосында атақты паркте тазалықтың сақтала бермейтіні, оған дәлел ретінде әр жерде шөлмектер, шүберектер мен өзге де қалдықтардың шашылып, көзге қораш болып көрініп жатқаны анық байқалады.

Өз кезегінде қала әкімі «Грин-парк. Лондон. Таңғы сағат 6:30. Адамдар барлық жерде бірдей. Лондонда болсын, Шымкентте болсын. Азаматтар шөлмектер тастайды. Міне қоқыстар жатыр. Шынын айтқанда таңғы сағат 6:30-да Шымкенттегі дендробақ немесе өзге кез келген саябағымыз бұл жерден әлдеқайда таза болады. Дегенмен де,  Лондондағы бұл жер әлемдегі ең үздік саябақ болып табылады. Бірақ Шымкенттегі дендробақ одан бір саты жоғары» дейді.

uakit.kz