ЕЛБАСЫ NUR OTAN ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗЕДІ

167
0

Назарбаев Nur Otan партиясының кеңейтілген отырысын өткізеді, деп хабарлайды uakit.kz sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.  

Бүгін Нұр-Cұлтанда өтіп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде  алдағы наурыз айында өтетін Nur Otan партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысатындығы белгілі болды.

Бұл туралы ақпаратты Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады. Өз кезегінде  ол «Биылғы жылдың наурызында Елбасының қатысуымен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Қаралатын мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмыс», — деді.

uakit.kz