ДЕПУТАТТАР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

311
0

Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресрустар министрі Мағзұм Мырзағалиев Мәжіліс депутаттарына Экологиялық кодекстің жобасын таныстырды, деп хабарлайды uakit.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Министр Экологиялық кодекс жобасы өңірлерде жұртшылықпен және бизнес-қоғамдастықпен ауқымды талқылаудан өткенін айта келе, «Елде екі аса өткір экологиялық мәселе бар – бұл қоршаған ортаның сапасы (ауа, су, топырақ) және қатты тұрмыстық қалдықтар», — деді.  

Министрдің сөзінше, былтыр елімізде атмосфераға ластаушы заттардың нақты шығарындылары 2,4 млн тоннаны құраған. Негізгі ластаушылар – бұл ірі өнеркәсіп нысандары, автокөлік және жеке тұрғын үйлер. «Шығарындылардың 900 мың тоннасын электр энергетикасына (көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары),  700 мың тоннасы тау-кен металлургия секторына, 500 мың тоннасы мұнай өндіруге, 300 мың тоннасы көлік пен ауыл шаруашылығына тиесілі. Шығарындылардың жыл сайынғы өсімі байқалады. Егер ешқандай шара қабылданбаса, болжам бойынша 2030 жылы  ластаушы заттардың нақты эмиссиясы 3,6 млн. тоннаны құрайды, яғни олар 10 жылда 1,5 есеге өсуі мүмкін», — деді М. Мырзағалиев.

uakit.kz