БЫЛТЫР ШЫМКЕНТТЕ 29 МЛРД.ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Былтыр Шымкентте ауылшаруашылық саласы бойынша 29 млрд.теңгенің өнімі өндірілді.  Соңғы үш жылда 56 гектар жылыжай іске қосылды. Барлығы 215 гектар қарқынды бау егілді.  Алдағы жылдары жылыжай аумағын 92, қарқынды бау аумағын 1600 гектарға дейін жеткізу жоспарлануда

Бұл туралы тікелей қала әкімі Мұрат Әйтеновтың халыққа  есеп беру жиынан uakit.kz  тілшісі мәлімдейді.

Есеп беру жиынында қала әкімі Мұрат Әйтенов  былтыр қалада  111 жанұялық сүт фермасы ашылғанын мәлімдеді. Ауылшаруашылық саласы бойынша мал бордақылау мен сүт фермасын ашуда шаруаларға қолдау көрсету үшін бюджеттен 3 млрд теңге субсидия төленгенін айтты. Және биыл бұл көрсеткішті 4 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отырғанын жеткізді.

uakit.kz

Сурет: ашық дереккөз

ПІКІР ЖАЗУ