ТҮРКІСТАНДЫҚТАР 14-НАУРЫЗДАН БАСТАП ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ТОЙЛАЙДЫ

Ұлыстың ұлы күні мерекесін түркістандықтар 14-наурыздан бастап тойлайды.

Бұл туралы uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Наурыз мерекесіне  орай Түркістан қаласында «Этноауыл» бой көтереді. Шаһарда дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) өтеді. Түркістан төрінде азулы ақындар аламан айтыста бас қосады. Елімізге танымал жұлдыздардың концерттік бағдарламалары, сан алуан байқаулар мен фестиваль, сайыстар ұйымдастырылады.

uakit.kz

Сурет: ашық дереккөз

ПІКІР ЖАЗУ