EGOV.KZ САЙТЫНДАҒЫ КЕҢЕСШІЛЕРДІҢ САНЫ 200-ДЕН 2 000-ға ДЕЙІН КӨБЕЙДІ

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов  айтты, деп хабарлайды uakit.kz Егемен Қазақстан-ға сілтеме жасап.

«ХҚКО-ның жабылуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, ЭЦҚ қалай алуға болады деген сұрақтар туындады. Біз бұл мәселені шештік. Бүгінгі күні ЭЦҚ-ны электрондық түрде тұлғаны биометриялық сәйкестендіру және бір реттік пароль арқылы алуға болады. Бұл механизм іске қосылды және бүгінгі күні жеке тұлғалар үшін 85 461 ЭЦҚ алынды», — вице-министр. 


Жеке тұлғалар 85 441 ЭЦҚ қашықтан алса, Қазақстан азаматтары шамамен 10 млн ЭЦҚ тіркеген. ТЖ режимі енгізілген сәттен бастап 800 оператор мемлекеттік қызметті көрсетуге кірісті.

uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ