Арқанкерген ашылмай тұр…

317
0

Талдықорғанның әскери сотында Сарыбөктер шекара заставасының бұрынғы бастығы Алексей Фоминге қатысты сот отырысы жалғасуда. Аталмыш іс бойынша шақырылған барлық куәгерлерден жауап алынып болған. Қазір құпия құжаттармен танысу жүріп жатыр. Сондықтан сот процесі бүгін жабық жағдайда өтті. Алексей Фомин Арқанкергендегі қанды қырғынды тек екі тәуліктен соң ғана жоғарыға хабарлады деп айыпталып отыр. Тәртіп бойынша, Арқанкерген заставасы екі сағат сайын орталыққа өздеріндегі жағдайды баяндап отыруы керек екен. Оған қоса Фомин заңсыз қару-жарақ сақтады, өз ісіне салғырт қарады деген баптармен де айыпталуда. Алайда ол кінәсін мойындаған жоқ. Айтуынша, Арқанкерген бекеті Сарыбөктерге емес, Үшаралдағы шекара отрядына қарайды екен. Фоминді қазір кәсіби адвокаттармен қатар, туған анасы да заңды түрде қорғауда.