«Астана» Чемпиондар лигасының келесі айналымына өтті

287
0

Ел мақтанышы «Астана» футбол клубы Еуропа чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі бірінші жеңіс. Жарысты екінші айналымнан бастаған Станимир Стойлов шәкірттері алғашқы кездесуді литвалық «Жальгириспен» өткізген. Сырт алаңда жеңілмеген жерлестеріміз бүгін «Астана-Арена» стадионында қарсыластарын 2-1 есебімен тізе бүктірді.



«Астана» ойыншылары матч бастала салысымен басымдықты өз қолдарына алып, жан-жақтан шабуылдар ұйымдастырған елордалық футболшылар алғашқы таймның бел ортасынан ауғанша қарсылас қақпасына гол соға алмады. Маңызды голды көбіне қорғаушылар салады, сондай ойыншы Марин Анчич бұрыштамадан келген допты қарсылас командаға сылқ еткізіп 31-минутта есепті ашты. Бірінші тайм 1-0 есебімен аяқталды. Екінші таймда қазақстандық команданың босаңсып ойнап жүргенін байқаған литвалықтар матчтың 57-минутында есепті теңестіре алды, гол авторы — «Жальгирис» шабуылшысы Эливелто. Стойлов алаңға шабуылға дем береді деп Мұжықов пен Деспотович шығарды, ол жігіттердің ойынын жүрмеді. 90-минут, есеп өзгерген жоқ. Бұл есеп қазақ футбол клубын келесі айналымға алып шықтайтынын білетін жанкүйерлер мазасыздана бастады. 1-1 есебі «Жальгирис» футболшыларына майдай жағып тұр, қорғаныста түгел жатып алған. Стойлов шәкірттері қанша шабуылдаса да нәтиже жоқ. Төреші қосқан минуттарда Анчич тағы белсеніп шабуылға араласты да, жеңіс голын соғып, матч қаһарманы атанды.

Келесі айналымда «Астананы» Шотландиялық клуб «Селтик» күтіп тұр.