ОҚПУ-дың мақсаты – шетелдік биік белестерді бағындыру

Қараша айында Испанияның Барселона қаласында «Халықаралық деңгейдегі ұстаз болу: компетенциялар, стратегиялар және ХХІ ғасыр құрал-жабдықтары» атты кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламасы өтті. Сол бағдарлама аясында, университет басшылығының қолдауымен аталған іс-шараға Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық» орталығының директоры, — Рихсибай Мамедов қатысып қайтты.

Аталмыш бағдарламада Қазақстан республикасының, Еуропа елдерінің және Ресей Федерациясының 15-тен астам жоғары оқу орындарының өкілдері мен профессор-оқытушылары бас қосып, білім беру саласындағы жаңашыл, заманауи бағыттағы тәжірибе алмасты.


Бағдарламаның бірінші күні «Заманауи білім беру және зерттеу институтының» ұйымдастырған іс-шарасына арналып өтті. Бұл іс-шара аясында Барселона қаласының тарихымен дамуы және сол жердегі ЖОО-ның білім берудегі мақсаты, міндеті мен жетістіктері туралы институт директоры сөз алып, өз баяндамасын Евро Одақ пен Азия елдеріндегі ЖОО-ның арасындағы Академиялық ұтқырлық бағдарламасын қалай ұйымдастыру, дамыту және оны жүзеге асыру жолдарымен аяқтады.
Бағдарлама барысында «IESE» Бизнес жоғары мектебінің докторы, профессор КОНОР НИЛ мырзаның «ХХІ ғасырдағы білім беру дағдылары» атты лекциясын тыңдап, аталған тақырыпта пікір алмасты. Айта кетер болсақ, «IESE» Бизнес жоғары мектебі Барселона университеттерінің лидері болып табылады. 1958 жылы құрылған бұл жоғары мектебінде ЖОО-нын бітірген түлектер, магистранттар және докторанттар өз білімдерін жетілдіріп, тәжірибе алмасатын киелі орда болып саналады.
Келесі бас қосу Еуропадағы ең алғаш құрылған онлайн оқу ордасы – «Барселона Еркін университетінің» қабырғасында, профессор АЛЬФРЕД САЛАТ мырзаның бастауымен «Онлайн білім берудің құрал жабдықтары» атты тақырып төңірегінде болып өтті.
Одан әрі 583 жылдық тарихы, 97800-ден астам студенті, 50-ге жуық кампусы бар мемлекеттік Барселона университетінің халықаралық байланыстар факультетінің деканы, доктор Миель Роберт мырзамен кездесіп, «Бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағытында жаңа білім беру жүйелерін құру» тақырыбында пікір алмасулар болып өтті. Барселона университетінің ең басты ерекшелігі: шет елдерден келген ғалымдардың арасында 12 Нобель сыйлығының лауреаттары қызмет атқарады. Барселона университеті және Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті арасында әріптестік қатынас орнату жайында келіссөздер жүргізілді және Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында біздің ЖОО студенттерін қабылдауға ниет білдірді.
Сапардың соңғы күні Париж қаласындағы 1968 жылы іргесі қаланған, алдыңғы қатарлы экономикалық «Париж-Дофин» университетінің президент штабының басшысы, яғни көмекшісі Николь Легранд-Верморел ханыммен кездесу сәті түсіп, алдағы уақыттарда бірлескен бағдарламаларды бірге жүзеге асырып, кәсіби біліктілікті арттыруға, оқытушы-профессорлар құрамының академиялық ұтқырлығын ұйымдастыруға дайын екендіктерін атап өтті.

Рихсибай МАМЕДОВ.

(«Уақыт» газеті №3 (222).