БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БАҚЫЛАУДА

303
0

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі ел назарындағы мәселелер түгел қамтылған. Партияның Шымкент қаласының дамуына қатысты әзірленген сайлауалды бағдарламасы праймериз кезеңінде тұрғындардан түскен ұсыныстар негізінде дайындалды. Қала тұрғындарынан келген 685 ұсыныстың 98 пайызы біздің бағдарламада көрініс тапты.

Соған сәйкес, арнайы Жол картасы әзірленіп, 2025 жылға дейін әр жылға межеленген жұмыстар бөлек-бөлек даярланды.
Қазіргі таңда біз осы міндеттер мен тапсырмалардың нақты орындалуына білек сыбана кірісіп кеттік. Бүгінгі таңда Жол картасындағы басым бағыттар нәтижелі жүзеге асып, нақты жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз.
Атап айтқанда, «Тұрғын үймен қамту» мақсатында 2021 жылы 51 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысына бюджеттен 11,5 млрд.теңге қарастырылды.
«Әлеуметтік саланы дамыту» бағытында білім саласында осы жылы 22 272 орындық 32 мектептің құрылысы басталып, 6 052 орындық 12 мектепті пайдалануға беру көзделуде. Оның ішінде бюджет есебінен 2 100 орындық 4 мектеп бой көтереді.
Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2021 жылы жұмыспен қамту жол картасы есебінен (2,8 млрд.теңге) «Қажымұқан» атындағы орталық стадион қайта құрудан өтеді.
«Экономикалық әлеуетті жақсарту» бағытында 2021 жылы 43,7 млрд.теңгеге 13 жоба іске асырылып, 839 жұмыс орны ашылады.
Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасында қалада ауданы 306 га құрайтын «Жұлдыз», ауданы 136 га болатын агроиндустриялық аймақ, ауданы 132 га болатын «Бозарық» индустриалды аймағын құру жоспарланған.
Бұдан бөлек, қаладағы елді мекендердегі мәселелердің өзегін тарқату партия бағдарламасының өзекті де ауқымды бағыты болып саналады.
Елді мекендерді сумен жабдықтау мақсатында 2021 жылы 3 магистралды және 7 елді мекеннің ауыз су құбырының құрылысына 12,5 млрд.теңге бөлінді.
2021 жылы 3 магистралды, 16 ішкі орамдық кәріз жүйесінің құрылысына 6,4 млрд.теңге қарастырылды.
Электр желісін тартуға 4,8 млрд.теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар жұмыспен қамту жол картасы аясында 8 нысанның құрылысына 7,6 млрд.теңге бөлу қарастырылуда. 2021 жылы №3 АГРС құрылысын аяқтауға 2,4 млрд.теңге, 8 елді мекенге газ құбырын тартуға 2,9 млрд.теңге қаржы бөлінді.
«Экологиялық ахуалды жақсарту» бағытында 2021 жылы 100 мыңға жуық ағаш егуге 14,6 млн.теңге қаралды. «Жолдар және көлік инфрақұрылымы» бағытында 2021 жылы 7 магистралды, 52 ішкі орамдық, шалғай елді мекендерде 50 көшеде орташа жөндеуге 30,1 млрд.теңге қаржы қаралды. «Қоғамдық қауіпсіздік» бағытында 3 740 бейнебақылау камералары іске қосылады. Жастарды қолдау мақсатында 2021 жылы жұмысшы жастарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 900 пәтер сатып алуға 6,5 млрд.теңге қаржы қаралды.
«Қаланы цифрландыру» бағытында интернет сапасы төмен шалғайда орналасқан 16 тұрғын алаптарына 2021 жылы оптикалық желілер жеке инвесторлар есебінен тартылады.
Осы көрсеткіштерге қол жеткізу барысында фракция мүшелері белсене жұмыс атқаруда. Ай сайын алға қойған жоспарлардың орындалуы бақылауға алынып, сапасы мен тиімділігі қадағалануда. Себебі, біздің мақсатымыз – халыққа берген уәдемізді толық орындап, қаламыздың гүлденуіне, халық жағдайын жақсартуға үлес қосу.

Бекайдар ТӨЛЕГЕНОВ,
Шымкент қаласы мәслихатындағы
«Nur Otan» партиясы фракциясының
жетекшісі.