2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ 87,5% ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА БЕРІЛЕДІ

148
0

Бүгін Мемлекет басшысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру және тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау туралы брифингте Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева «2022-2023 оқу жылында техникалық, технологиялық және қызмет көрсету салалары бойынша мемлекеттік тапсырыстың үлесі 87,5%-ды құрайтын болады»,- деп мәлімдеді.

Жалпы Шымкент қаласында орналасқан 32 колледжде 32816 студент білім алуда. Оның ішінде 11 мемлекеттік колледжде 14 340 студент, ал 21 жекеменшік білім беру ұйымында 18 476 студент оқиды. Соның ішінде, мемлекеттік тапсырыспен білім алушылар саны – 12 791 оқушыны құраса, оның 11 370-і мемлекеттік, 1421-і жекеменшік колледждерде білім алуда.

2022 жылы бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы 85 %-ды құрап отыр. Колледждерде кадрлар даярлау өңір экономикасына қарай 75 мамандық және 166 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесе отырып потенциалды жұмыс берушілердің қатысуымен «Бос орындар жәрмеңкесі» жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Бүгінде Дуалды оқыту жүйесі бойынша бітіруші түлектердің жұмысқа орналасауы 82%-ды құрап отыр.
Шымкент қаласы бойынша кадрларды даярлау өңірдегі кәсіпорындардың өтінімдерінің негізінде айқындалады.
Негізгі қажеттілік өндіріс, білім беру, медицина және қызмет көрсету салаларында басым.
Бүгінгі таңда, дуальді оқыту форматымен білім беруді жүзеге асыратын 8 мемлекеттік колледж бар.
Сонымен қатар, 117 кәсіпорынмен 1 201 келісім-шарт жасалып, оның шеңберінде түлектер одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен тағылымдамадан өтетін болады.
Колледждің негізгі серіктестері «Авто-Маркет» ЖШС, «Дара Сервис» ЖШС, «Агро Спец монтаж» ЖШС, «Базис-К» ЖШС, «Промгражданстрой» ЖШС, «Связьмонтажстрой» ЖШС, «Transtelecom» ЖШС, «Қазпошта» ЖШС, «Қазақтелеком» ЖШС, «Энергопоток» ЖШС, «Civil Industrial Project Group» ЖШС, «Ditel» ЖШС және т.б. кәсіпорындар болып табылады.

Алдағы уақытта 2022 жылға бөлінген 1632 орынға жұмыс берушілердің сұраныстары негізінде, жұмыс беруші таңдаған мекемелерде қайта даярлау жүргізіледі.
Сонымен қатар, 760 жұмыссызды тапсырыс беруші өндіріс орындары өздерінің базаларында оқытып, жұмысқа алатын болады.
Құрылыс басқармасының қажетті мамандықтарға сұранысын (591 орынға) ескере келе, бөлініп отырған 1632 орынның 850-ін құрылыс саласы мамандарына бөлу ұсынылады.

Мемлекет тарапынан колледждер қолдауға ие болып, жалпы 7 колледж «Жас маман» жобасы аясында әлемдік стандартқа сәйкес заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталды.
Өз кезегінде, колледждер «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми интернет-ресурсына тіркеліп, талапқа сай жұмыс жүргізуді қолға алуда.