ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ – БАСТЫ НАЗАРДА

182
0

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов онлайн қабылдау өткізіп, тұрғындардың жеке мәселесін тыңдады.

Тұрғындар осы қабылдауға қала әкімдігінің ресми сайтына өтінімі және әлеуметтік желідегі жеке парақшасына хат жолдау арқылы алдын-ала жазылған.

Кезекті қабылдауда азаматтар жер иеліктерін заңдастыру, қоғамдық көліктердің жүру жүйесі мен шағынаудандардағы ішкі орам көшелерге асфальт төсеу және балалар спорт алаңшаларын салуға жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Тұрғындар көтерген мәселе әрқашан әкімдіктің назарында екенін айтқан Мақсұт Пернебайұлы тиісті басқарма басшыларына тапсырма беріп, орындалуын өз бақылауына алатынын жеткізді.

Айта кетсек, тұрғындардың қолайлылығы үшін азаматтарды қабылдау онлайн режимде, WhatsApp желісінің видеоқоңырау жүйесі арқылы жүргізілді.

Мақсұт Исахов жетекшілік ететін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, инфрақұрылым, құрылыс және жер қатынастары, цифрландыру, спорт салаларына қатысты мәселелер бойынша https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/activities/population?lang=kk сілтемесі арқылы жазыла алады.

Жалпы қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов кураторлық ететін салада қыруар іс атқарылып жатыр. Жолдар кезең-кезеңімен салынуда, қаладағы кептеліс мәселесі де шешімін тауып келе жатыр. Қоғамдық көліктердің сапасы да жақсарып, тұрғындардың түйткілді мәселелері ретімен шешілуде. Қала әкімінің орынбасары атқарылған жұмыстардың сапасын тікелей бақылап, құрылыстың дер кезінде аяқталып, тұрғындар игілігіне берілуі үшін іркіліссіз іс атқарып келе жатыр. Жемісті жұмыстар да аз емес. Атқарылар ауқымды бастамалар да көп. Сапаға қатысты сын дер кезінде ескеріліп, тиісті шаралар да көріліп келеді. Бір сөзбен айтқанда, тұрғындар көтерген түйткілді түйіндер шешімін тауып келе жатыр.