СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР МЕН СЕМИНАРЛАР ӨТТІ

93
0

Жыл басынан бері қауіпсіздік шеңберінде Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы білім беру және денсаулық сақтау нысандарында
200 рет сейсмикалық жаттығулар мен семинарлар өткізді,-деп хабарлайды uakit.kz.

Одан өзге қала аумағында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында және мемлекет басшысының 2020 жылғы 14 қазандағы №20-3584кбп сейсмикалық қауіпті өңірлердегі қиратушы жер сілкіністеріне азаматтық қорғау жүйесінің дайындығы туралы тапсырмасына сәйкес өзге де ведомствалармен бірлескен бұйрық бекітілді. Атап айтқанда, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі,  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Төтенше жағдай министрлігі, Қаржы министрлігі, Энергетика және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе «Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған шаралар кешені» Жол картасы (бұдан әрі – жол картасы) бекітілді.

2021-2023 жылдарға арналған Жол картасына сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс тиімділігін арттыру үшін барлығы 24 іс-шара енгізілген.

Қала аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін төмендегідей мәселелерді ұйымдастыру қажет. Атап айтқанда, халықтың жалпы шығыны, оның ішінде санитарлық және қайтарымсыз, баспанасыз қалатын халық саны, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің (энергия, газ, жылу және сумен жабдықтау, кәріз желілері) жай-күйі, қатты және толық жойылатын ғимараттар мен құрылыстардың саны, қатты және толық жойылатын мектептер, мектепке дейінгі және емдеу мекемелерінің саны.

Бүгінде Түркістан қаласында қиратушы жер сілкінісі туындаған жағдайда және оның салдарын жою үшін материалдық ресурстар құру және қажетті қаржы резервін жоспарлау мүмкіндіктері қаралмаған.

Айта кетейік, ағымдағы жылғы 15 шілде күні «Rixos Turkistan» ЖШС  ғимаратында қала аумағында білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй инспекциясы және басқа ұйымдар нысандарына сейсмикалық қауіпсіздік жөнінде оқыту семинар өткізілді. Аталған семинарда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қолдану бойынша бағыттар берілді. Бұдан басқа, сейсмикалық қауіп (жер сілкінісі) кезінде халықтың іс-қимылдарын қолдану бойынша іс-қимылдар және эвакуациялау жүргізу бойынша жеткізілді.