МАСКҮНЕМДІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС: ДӘРІГЕРЛЕР АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗУДЕ

112
0
Бүгін Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығына қарасты емханасында Ашық есік күні өтуде, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкентте Халықаралық маскүнемдікке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған шарада тұрғындарға нарколог, терапевт, психолог мамандары кеңес беріп, білікті мамандар медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ шара аясында салаға жауапты мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
«Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігерлері Шымкент қаласындағы барлық мектептерінде алдын-алу шаралары бойынша жұмыстар жүргізеді. Жұмыс маскүнемдіктіалдын алуға бағытталған. Психикалық денсаулық орталығы неврология, психиатрия және психология кафедрасы, үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп студенттер арасында маскүнемдікті алдын-алу жұмыстарын өткізеді. Бұл әлем жаулаған дертпен ұлт болып күресуіміз керек», — делінген баспасөз хабарламасында.
Ашық есік күні бүгін, 26-қазан күні емханда 17:00-ге дейін жалғасады.
Есте болсын, маскүнемдік – денсаулықты тез тоздыратын, адамды аздырып, түрлі сырқаттарға ұшырататын, адамгершіліктен жұрдай ететін, еңбек қабілетін кемітетін қауіпті нәрсе. Маскүнемдік ең алдымен орталық нерв жүйесін уландырады.
Айта кетейік, жуырда ғана психикалық денсаулық орталығына қарасты емханасында Дүниежүзілік Психикалық денсаулық күніне орай Ашық есік күні шарасы ұйымдастырылған болатын. Мамандардың айтуынша, психикалық денсаулық — бұл адам баласының өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, өмір қиыншылықтарына төтеп бере алатын, өнімді еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндігі бар жайлы жағдай. Психикалық денсаулықты сақтау үшін ең алдымен, жасөспірімдер және олармен жұмыс істейтін кәсіби мамандар, сондай-ақ, халық арасында жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайтудың маңыздылығы туралы білім деңгейін арттыру керек.